10 тамыз – Абай күні

2023 жылдың 10 тамыз айында Ғылыми кітапхананың Көркем және шетел әдебиеттер абонементінде  Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың туғанына 178 жыл толуына орай «Ұлы халықтың – Ұлы Абайы» атты тақырыптық көрме ұйымдастырылды.

Көрмеге кемеңгер Абайдың әр жылдары басылып шыққан көркем шығармаларынан өлеңдері мен аудармалары, поэмалары, қара сөздері, «Абай жолы», газет, журналдарға шыққан мақалары, суреттері қойылды.

Ғылыми кітапхана, №423 кабинет, 4-ші қабатында көркем және шетел әдебиеттер абонементінен көрмені көре аласыздар.

                           Ғылыми кітапхана

    Анықтама-библиографиялық бөлім