Күрделі ғылыми тақырыптарды студенттерге түсінікті әрі көрнекі түрде жеткізгіңіз келе ме? Сабаққа дайындалуға кететін уақытыңызды қысқартып, студенттердің оқу үдерісіне белсенді қатысуын арттырғыңыз келе ме? Онда JoVE платформасын білім беру үдерісінде тиімді пайдалану мүмкіндіктеріне арналған практикалық воркшопқа қатысыңыз!
Бағдарламада:
— JoVE платформасын оқыту және ғылыми-зерттеу жұмыстарында пайдалану мүмкіндіктері;
— пәндеріңізге сәйкес видеоматериалдарды іріктеу;
— жеке видеоплейлисттер мен тесттер құру;
— MyClass жүйесімен жұмыс: оқу материалдарын бір жерде жинақтау және студенттердің белсенділігін бақылау;
— JoVE Educator & Researcher Innovation Awards 2026 байқаулары;
— сұрақтарға жауап және интерактивті квиз.
📅 Күні: 2026 жылғы 6 қазан
🕙 Уақыты: 10:00–12:00
📍 Өтетін орны: Ғылыми кітапхананың интернет-залы, 2 оқу корпусы, 233 каб.
📝 Воркшопқа тіркелу: https://forms.gle/gv6jnaXPAB7JpAgv8
Спикер: Гүлден Мусатай — JoVE оқытушыларды қолдау жөніндегі маманы gulden.mussatа[email protected] 📱 +7 771 458 5690
Барлық қатысушыларға қатысу сертификаты табысталады. Ал ең белсенді қатысушыларды JoVE компаниясының фирмалық сыйлықтары күтеді!
Қатысыңыз — JoVE платформасының материалдары мен құралдарын пайдаланып, сабақтарыңызды мазмұнды, көрнекі әрі қызықты өткізу жолдарын үйреніңіз!






















































































































































































































































































