«ANaMed Forum – New Generation 2026» халықаралық форумы
ANaMed Forum – New Generation 2026 аясында «Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау: қазіргі вакцинологияның ғылыми және практикалық аспектілері» тақырыбында халықаралық форум ұйымдастырылды. Форум аясында көрнекті ғалым, эпидемиолог-вакцинолог, медицина ғылымдарының докторы, профессор Сәкен Әміреұлы Әміреевтің өмір жолы мен ғылыми мұрасына арналған баяндамалар жасалды. Сонымен қатар қатысушылар вакцинопрофилактика жүйесін цифрландырудың заманауи бағыттары, ұжымдық иммунитет деңгейін болжауда жасанды интеллект технологияларын қолдану мүмкіндіктері, сондай-ақ Жапонияның вакцинацияны басқару және қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы озық тәжірибесі жөнінде баяндамалар тыңдады. Форум барысында «Ғалымның хаты өлмейді» атты библиографиялық көрсеткіштің тұсаукесері өтті. Басылымда С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің профессоры…
Read more





































































































































































































