Қажымұқан Мұңайтпасұлының туғанына – 155 жыл
📚 2026 жылдың 9 сәуірінде Ғылыми кітапхана фойесінде Қажымұқан Мұңайтпасұлының 155 жылдығына арналған «Күш атасы – Қажымұқан» атты тақырыптық көрме ұйымдастырылды. Көрмеде даңқты балуанның өмір жолы, спорттық жетістіктері мен халықаралық аренадағы жеңістері туралы әдебиеттер, фотосуреттер және тарихи естеліктер ұсынылды. Бұл шара – қазақтың тұңғыш кәсіби балуанының мұрасын дәріптеп, жас ұрпаққа үлгі етуге бағытталған маңызды бастама. 📚 Көрме мазмұнында: ▪️ Өмірбаяны мен спортқа келу жолы ▪️ Әлем чемпионы ретіндегі жетістіктері ▪️ Зерттеу еңбектері мен естеліктер Ұлы тұлғаның өнегелі өмірі – ұрпаққа мұра! Ғылыми кітапхана Ақпараттық-әдістемілік бөлімі


























































































































































