Қазақстанның ашық университеті

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫТУШЫЛАР МЕН СТУДЕНТТЕР! Сіздерге «Қазақстанның Ашық Университеті» білім беру платформасын ұсынамыз. «Қазақстанның Ашық Университеті»- елдің жетекші Университеттері мен оқытушыларының онлайн-курстарына барлықтарыңызға шектеусіз тегін қол жеткізуді ұсынатын білім беру платформасы. ЖОБАНЫҢ МАҚСАТЫ: Жоғары сапалы ақысыз онлайн курстарын ұсыну арқылы халқымыздың интеллектуалды деңгейін арттыру. Цифрлық технологиялар арқылы онлайн білім беруді бәріне қол жетімді ету. Кез келген адам платформада орналасқан онлайн курстарды өзіне ыңғайлы уақытта және кез келген жерде шектеусіз меңгере алады. Кітапхана бөлімінде онлайн оқуға болатын 23 пән бойынша кітаптар ұсынылған. Жоба аясында әлемдегі жетекші университеттердің тарих, философия, әлеуметтану, психология, антропология, мәдениеттану, дінтану, лингвистика, инновация медиа, экономика, менеджмент және бизнес бойынша үздік оқулықтары қазақ тіліне аударылған. Қолдану үшін сізден Интернетке кіру мүмкіндігі бар кез-келген құрылғыдан Ашық Университет (openu.kz) платформасына тіркелуді сұраймыз.