Monthly Archive: June 2026

ҚазҰЖҒА академигі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Қөбейсін Дүйсенбайұлы Алтынбековтың 70 жылдық мерейтойына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция аясындағы кітап көрмесі.

2026 жылғы 5 маусымда Даңқ залында «Заманауи стоматология – болашақ кепілі» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. «Ғылым мен білім – кәсіби өсудің және қоғамға қызмет етудің негізі». Қөбейсін Дүйсенбайұлы Алтынбеков – ортопедиялық стоматологияның, медицина ғылымы мен жоғары медициналық білімнің дамуына зор үлес қосқан белгілі қазақстандық ғалым, медицина ғылымдарының докторы, профессор. Оның көпжылдық ғылыми-педагогикалық қызметі жоғары білікті мамандар даярлауға және стоматологиялық тәжірибеге заманауи технологияларды енгізуге ықпал етті. Көрменің мақсаты – студенттерді, оқытушыларды және жас зерттеушілерді профессор Қ.Д. Алтынбековтың өмір жолымен, ғылыми жетістіктерімен және педагогикалық мұрасымен таныстыру, медицина ғылымы мен стоматология саласына қызығушылықты арттыру, сондай-ақ болашақ мамандардың кәсіби және адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға ықпал ету. Кітап көрмесінде профессор Қ.Д….
Read more

«ANaMed Forum – New Generation 2026» халықаралық форумы

ANaMed Forum – New Generation 2026 аясында «Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау: қазіргі вакцинологияның ғылыми және практикалық аспектілері» тақырыбында халықаралық форум ұйымдастырылды. Форум аясында көрнекті ғалым, эпидемиолог-вакцинолог, медицина ғылымдарының докторы, профессор Сәкен Әміреұлы Әміреевтің өмір жолы мен ғылыми мұрасына арналған баяндамалар жасалды. Сонымен қатар қатысушылар вакцинопрофилактика жүйесін цифрландырудың заманауи бағыттары, ұжымдық иммунитет деңгейін болжауда жасанды интеллект технологияларын қолдану мүмкіндіктері, сондай-ақ Жапонияның вакцинацияны басқару және қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы озық тәжірибесі жөнінде баяндамалар тыңдады. Форум барысында «Ғалымның хаты өлмейді» атты библиографиялық көрсеткіштің тұсаукесері өтті. Басылымда С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің профессоры…
Read more