Wiley Researcher Academy

Wiley Research Academy онлайн | Wiley Research Academy https://www.wileyresearcheracademy.com Бұл платформада сіз келесі сұрақтарға жауап таба аласыз: – Ғылыми мақаланы халықаралық журналда жариялауға қалай дайындау керек? – Журналды дұрыс таңдау неліктен маңызды? – Басылымды пішімдеу бойынша ұсыныстар – Мәтінді қалай құрылымдау керек? Wiley Researcher Academy Online – зерттеуді жариялаудың барлық аспектілерін қамтитын әртүрлі курстары бар жан-жақты онлайн оқыту платформасы. Бұл платформа жариялағысы келетін зерттеушілерге арналған. Бұл дағдыларды меңгеру сіздің қалаған журналыңызда жариялану мүмкіндігіңізді арттырады. Бұл курстарды Wiley журналының редакторлары мен сарапшылары жасаған. Платформа мақалаларды жариялау дағдылары бойынша шамамен 25 академиялық сағаттық бейнематериалдарды қамтитын 15 курсты ұсынады. Студенттер мен қызметкерлер университеттің/ұйымның доменін немесе IP мекенжайларын пайдаланып платформада жаттығуды бастай алады.