Хабарландыру!

С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің Ғылыми кітапханада Демократ реалист ақын, публицистикалық очерктері мен мақалалар поэма романы бар шебер ақын С. Торайғыровтың туғанына 130 жыл толуына байланысты көрме ұйымдастырылды.

Мақсаты: Жас оқырмандарымызға ағартушы ақынның өмірін, шығармашылығын ұмытпай жандандырып келер ұрпаққа сабақтастық жасау мақсатында еске салу.

Анықтама-библиографияa бөлімінің меңгерушісі Елеукенова Салтанат Ахмедуллақызы  көрмеге қызығушылық танытқан оқырмандарға кітап көрмесін таныстырды.

Көрмені Ғылыми кітапхананың екінші қабатындағы оқу залынан көре аласыздар.  27.10.2023ж.