«Тәуелсіздік-тұғырым»- атты меркелік іс-шара

2023 жылдың 12 желтоқсан айында №3 оқу корпусы 106 мәжіліс залында  Ортопедиялық стоматология кафедрасының желтоқсан айына жоспарланған тәрбие жұмысы бойынша «Тәуелсіздік-тұғырым»- атты меркелік іс-шара өткізілді. Стоматология мектебінің ортопедиялық стоматология кафедрасының профессорлық оқытушылар құрамы және студенттер белсене қатысты.

Университеттің Ғылыми кітапхананың анықтама-библиография бөлімінің меңгерушісі Елеукенова С.А., кітапханашы Омарова Н.С. «Тәуелсіздік – ең қымбат қазынамыз» атты көрме ұйымдастырды.

Іс-шараның мақсаты: Отан тарихына деген қызығушылықты дамыту, патриотизм мен азаматтық сананы қалыптастыру, студенттердің  рухани дамуына және ел алдындағы жауапкершілікке үлес қосуға бағыттай отырып тәрбиелеу.

Университеттің 3 және 4 курс студенттері атап айтқанда Т21-008 топ белсенді қатысып баяндама жасады. Тәуелсіздікке қандай қиындықпен жеткеніміз, осы ашық аспанның қадір қасиетін тағы да түсініп өз бойларына сіңірді. Желтоқсан оқиғасына куәгер ретінде ортопедиялық стоматология кафедрасы ассистенті Балгожина Динара Айтмухановна өз көрген білгенімен бөлісті. Студенттерге оқылған баяндамалар бойынша кері байланыс ретінде сұрақ жауаптар берілді.