2024 жылдың 19 наурыз күні С.Ж. Асфендияров атындағы Ғылыми кітапханасы «22 наурыз – Наурыз мейрамы» атты көрмесін ұйымдастырды.
Қазақстанда Наурыз мерекесін тойлау ұзақтығы 10 күнге дейін ұзартылды.
Биылдан бастап Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысымен Наурыз мерекесі жаңа форматта өтеді.
Наурыз мейрамының 14-23 наурыз аралығында тойлануы және бұл кезеңді «Наурызнама» деп атау ұсынылды.
Жаңа формат аясында Көрісу күні, Қайырымдылық, Ұлттық дәстүр, Отбасы, Ұлттық киім, Жаңару, Ұлттық спорт түрлері, Ынтымақ, Бірлік, Жаңа жыл және Тазалық күндері аталып өтіледі.
Бүкіл түркі халықтарының ұлық тойы – Наурыз мерекесін ұлттық салт-дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра насихаттап, ұрпақтардың өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру.
Ғылыми кітапхана мерекеге арнап ұйымдастырған көрмеден Наурыз тойының табиғатын, шығу төркінін, мазмұны мен мәнін, халықтың мәдени-рухани өміріндегі орнын баяндап, қазақ халқының салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы мен қолөнері, ұлттық тағамы туралы насихихатын. Қазақ халқының салт-дәстүрлері, ұлттық киім, қолөнер, сауық-сайран, ұлттық ойын, қазақтың ұлттық тағамдары, қазақтың киіз үйі, баланы бесікке салу туралы журналға, газетке шыққан мақалаларды көре аласыздар. Ұлыстың ұлы күні, Наурыз көже, Әз наурыздың қадірі мен қасиеті туралы оқи аласыздар.
Ғылыми кітапхананың
анықтама-библиография бөлімі