«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы бойынша.  Ғылыми кітапхананың қорына түскен жаңа оқулықтарға виртуалды көрме. (17 кітап)

87.3

К30 Кенни, Э.     Батыс философиясының жаңа тарихы = A new history of western philosophy. 1-том. Антика философиясы. /Энтони Кенни, Anthony Kenny; «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының редакциялық алқасы: Тәжин М.М.- Алматы: «Ұлттық аударма бюросы«, 2018.- 408 бет.              64 экз.

Ежелгі Жерорта теңізі маңындағы философияның тууы және өркендеуі, ойлау мен пай- ымдаудың өрісі жөніндегі бұл тамаша тарихи баян Батыстағы ой мен қоғам дамуының бағыт-бағдарына арналған. Сэр Энтони Кеннидің бұл кітабындағы әңгіме өзегі Пифагор мен Фалестен басталып, философия алауын христиан ғасырына табыстаган қасиетті Аугустинмен аяқталады. Тарихи баянның тақырыптық арқауы философияда туындаған сауалдарды келесі екі мыңжылдыққа мұра етіп кеткен және әр кезеңдегідей дәл бүгін де ықпалы бәсеңсімеген екі үлкен тұлға — Платон мен Аристотельге негізделген.  Бұл — Батыс өркениетінің түп-тамырын түсінгісі келетін орта үшін философия тарихына арналған төрт бөліктен тұратын топтаманың бірінші томы.  Сэр Энтони Кенни Британ академиясының президенті және Оксфорд университетінің вице-канцлері болған. Ол ақыл-ой философиясы, дін философиясы және философия тарихы жөніндегі көптеген танымал кітаптардың авторы, сондай-ақ Аристотель, Акуинолық Томас, Декарт және Витгенштейн өмірбаяндары бойынша ғылыми-көпшілік еңбектер жазған танымал ғалым.

 

87.3я73

К30   Кенни, Э.   Батыс философиясының жаңа тарихы. 2-том. Орта ғасыр философиясы. /Энтони Кенни; «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының редакциялық алқасы: Тәжин М.М.- Алматы: «Ұлттық аударма бюросы», 2018.- 400 б.    64 экз.

Сэр Энтони Кенни Батыс философиясының жаңа тарихы жөніндегі еңбегін б.д.д. 400 жылдан, яғни христиандық және исламдық ой — сананың негізін салушылардан бастап, Қайта өрлеу дәуіріне дейінгі аралықты қамтитын кезеңді баяндау арқылы жалғастырады. Орта ғасыр — философияның гүлдену кезеңі. Ақыл-ойдың кемелденуі XIII және XIV ғасырда Акуинолық Томас пен Джон Дунс Скот сынды тұлғалардың арқасында шарықтау шегіне жетті. Көпшілік оқырманға арналғанымен, Кеннидің ұлы философтардың ойларын терең талдайтын әңгімелері, ең алдымен, Батыс философиясына ден қойып жүрген студенттерге қызық болмақ. Энтони Кенни Британ академиясының президенті және Оксфорд университетінің вице-канцлері болған. Ол ақыл-ой философиясы, дін философиясы және философия тарихы жөніндегі көптеген танымал кітаптардың авторы, сондай-ақ Аристотель, Акуинолық Томас, Декарт және Витгенштейннің өмірбаяндарына арналған ғылыми-көпшілік еңбектер жазған.

87.3я73

Д38   Джонстон, Д.     Философияның қысқаша тарихы: Сократтан Дерридаға дейін. /Д. Джонстон.- Алматы: «Ұлттық аударма бюросы», 2018.- 216 б.           72 экз.

Дерек Джонстонның «Философияның қысқаша тарихы» атты бұл еңбегіне философиялық ойдың даму тарихына айрықша үлес қосқан танымал 15 ойшылдың шығармашылығы топтастырылған. Автор Батыс дәстүріндегі көрнекті философтардың негізгі еңбектері мен теорияларын оқырмандарға кезең-кезеңмен таныстыруды көздейді. Кітап тарауларында философтардың өмір сүрген дәуіріне шолу жасалып, сөз болатын шығармалардың негізгі идеяларын талдауға басымдық берілген. Сондай-ақ, жинақта философтардың өмір деректері мен басты еңбектерінің тізімі, сол дәуірдегі ғылыми жаңалықтар мен тарихи оқиғалар, философиялық, әдеби және көркем туындылар да қамтылған. Әр шығармаға арналып оның түйінді идеясын білдіретін ықшам анықтама дайындалған. Тақырыптар хронологиялық ретпен баяндалса да, материал кез келген тараудан бастап түсініп оқи беруге лайықталып, әрқайсысы жеке бітіммен құрастырылған.

87

Х39   Хесс, Р.      Философияның таңдаулы 25 кітабы. /Р. Хесс; «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының редакциялық алқасы: Тәжин М.М.- Алматы: «Ұлттық аударма бюросы», 2018.- 360 бет.               68 экз.

Белгілі француз ғалымы Реми Хесстің бұл кітабы жас оқырманды Батыстың аса көрнекті ойшылдары және олардың шығармаларымен таныстырады. Осы күрделі міндетті жеңілдету мақсатында, ол Батыс философиясы дамуының елеулі кезеңдерін көрсетеді деген 25 шығарманы іріктеп ұсынған. Бұл шығармалар әлемдік ақыл-ой дамуының белесті кезеңдері мен бай қазынасын танытады. Ежелгі заманнан бүгінге дейінгі философия тарихын қамтыған жинақ адамзат ақыл-ойының құнарлы нәрі мен көркем табиғатына енді ден қоя бастаған жас қауымға даналық мәйегін түсінікті де тартымды тілмен баяндайды. Жинақта әр философиялық шығармадағы түйінді идеялар талданып, түсіндірме берілген.

60.5

Б80   Бринкерхоф, Д. Әлеументтану негіздері = Essentials of socioloy. /Д. Бринкерхоф, Р. Уейтс, С. Ортега; Жауапты шығарушы М.Сеңгірбай.- 9-басылым.- Алматы: «Ұлттық аударма бюросы», 2018.- 464 б.         69 экз.

«Әлеуметтану негіздері» оқулығы қоғам және оның құрылымы, қоғамдағы түрлі әрекеттер мен мінез-құлықтар туралы, адамның рухани және материалдық мәдениеті мен құндылықтары жөнінде кең мағлұмат береді. Оқу құралы әлеуметтанудың негізгі ұғымдарын, зерттеу әдістері мен теорияларын саралап, әлеуметтанушы мамандардың оқу орнындағы, үкіметтегі, бизнестегі, коммерциялық емес ұйымдардағы және қоғамдағы рөлін көрсетеді. Мәдениет және оған қатысты теориялық көзқарастар, оның әралуандығы мен жаһандануға байланысты тақырыптар қамтылып, қоғамдағы институттар туралы толыққанды ақпарат беріледі, қоғам қүрылысы, топтар, желілер, ұйымдар және олардың қызметтері талданады. Оқулық әлеуметтануға қызығатын ортаға, студенттер мен магистранттарға арналған.

60.5

Р51   Ритцер, Д. Әлеуметтану теориясы = Sociological theory. /Д. Ритцер, Д. Степницки; Жауапты редактор Г.С.Әбдірайымова.- 10-басылым.- Алматы: «Ұлттық аударма бюросы», 2018.- 856 б. 72 экз.

Әлеуметтану ғылымының даму ерекшеліктері тарихи тұрғыдан баяндалатын бұл кітапта авторлар әлеуметтану ғылымының өзекті мәселелерін классикалық және қазіргі көзқарастармен ұштастырған. Кітаптың бірінші бөлімінде ежелгі дәуірдегі әлеуметтік ой мен сол кезең өкілдерінің көзқарастары, әлеуметтану ғылымының негізін салған ойшылдардың өмірбаяны мен басты идеялары, екінші бөлімінде қазіргі әлеуметтану теориясының негізгі мектептері туралы сөз болады. Құрылымдық функционализм, структурализм, неомарксизм, символикалық интеракционизм, этнометодология, айырбас, желілік, рационалды таңдау, қазіргі феминистік, микро-, макроинтеграциялық және басқа да теориялар әлеуметтану ғылымының көппарадигмалық мазмұнын жан-жақты көрсетеді. Ал қорытынды бөлімде модерннен постмодернге дейінгі және одан кейінгі модерннің заманауи теорияларына терең шолу жасайды.

88.4

А80   Аронсон, Э.         Көпке ұмтылған жалғыз: Әлеуметтік психологияға кіріспе. /Эллиот Аронсон; «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының редакциялық алқасы: Тәжин М.М.- 11-басылым.- Алматы: «Ұлттық аударма бюросы», 2018.- 408 бет. 68 экз.

Белгілі ғалым Эллиот Аронсонның «Көпке ұмтылған жалғыз. Әлеуметтік психологияға кіріспе» атты кітабы әлеуметтік психологияның жаңа қырларын ашады. Мамандар бұл ілімді, салыстырмалы түрде, ғылымның жас саласы деп есептегенмен, оның алғышарттары Аристотель заманында-ақ көрініс тапқан. Ал Аронсон болса, XIX ғасыр соңында іргетасын Триплет қалап, 1930 жылдары К. Левин одан әрі дамытқан әлеуметтік психология ғылымының көкжиегін кеңейтуге тырысады. Жоғары оқу орындарының студенттеріне, сондай-ақ, қалың оқырман қауымға да қызықты бұл оқулық адамның сыртқы ортаға бағынуы, жағдайға мойынсұнуы, өзін-өзі ақтап алуы, көзсіз сенімге еруі, ұнатуы, ашуға бой алдыруы, үгіт-насихат жетегінде кетуі сияқты маңызды факторларды нақты мысалдар арқылы саралайды. Соның нәтижесінде Аронсон әлеуметтік психологияның ғылыми сала ретінде қалыптасып, өзіндік орнын иеленгендігін негіздеген. Бұл еңбек әлеуметтік психологияға жаңаша қарауға, ең бастысы, адам психологиясындағы ерекшеліктерге мұқият болуға баулиды.

37120      Шульц, Д.П. Қазіргі психология тарихы. /Д.П. Шульц, С.Э. Шульц; «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының редакциялық алқасы: Тәжин М.М.- 11-басылым.- Алматы: «Ұлттық аударма бюросы», 2018.- 448 бет.          69 экз.

«Қазіргі психология тарихы» кітабының 11-басылымы — психология пәні бойынша қазақ тіліне аударылған санаулы еңбектердің бірі. Психологияның пән ретінде қалыптасуынан бастап, ондағы түрлі ағымдар мен көзқарастарды ойшылдардың жеке өмірі мен оған айтылған сын-пікірлер арқылы баяндайтын оқулық аталмыш саладағы соңғы жаңалықтарды да қамтиды. Психология тарихындағы маңызды тұлғалардың «Өзі оқыған дәрістен» айдары арқылы берілген түпнұсқа дәрістер — ізденушілер үшін таптырмас дүние. Оқырмандар бұл кітаптан бұрынғы басылымдарда жарияланбаған Фрейдтің хаттары, XVII ғасырдағы механикалық мүсіндер мен бүгінгі роботтардың арасындағы байланыс, Екінші дүниежүзілік соғыстың Америка психологиясының өсіп-өркендеуіне еткен ықпалы, Алессандро Вольтаның «таңғажайып» зерттеуі сияқты бірқатар қызықты мәліметтермен таныса алады. Бұл оқулық психология саласын зерттеп, зерделеп жүрген мамандар мен оқытушыларға және психология пәнін арнайы оқитын жоғары оқу орнының студенттері мен аталған ғылымға қызығушылық танытатын оқырман қауымға арналған.

37113    Майерс, Д.Г.   Әлеуметтік психология = Social psychology. /Д.Г. Майерс, Ж.М. Туенж; Жауапты шығарушы А.Б.Айтпаева, Б.Орынбетова.- 12-басылым.- Алматы: «Ұлттық аударма бюросы», 2018.- 648 б.         69 экз.

Дэвид Майерс пен Жан Туенждің «Әлеуметтік психология» оқулығының 12-басылымы аталған пәннің негізгі бағыттарын толық қамтиды. Кітапта күнделікті өмірде кездесетін әлеуметтік құбылыстардың психологиялық астары жан-жақты қарастырылған. Жеке тұлға, топ ішіндегі қарым — қатынас, тұлғаның түрлі әлеуметтік процестердегі рөлі, негізгі қызметі, даму өрісі сияқты әлеуметтік құбылыстардың психологиялық заңдылықтары заманауи зерттеулермен толықтырылып, тәжірибелік мысалдармен дәйектелген. Бұл оқулық әлеуметтік психология саласын зерттеп, зерделеп жүрген мамандар мен оқытушыларға және әлеуметтік психология пәнін арнайы оқитын жоғары оқу орнының студенттері мен аталған ғылымға қызығушылык, танытатын оқырман қауымға арналған.


65

М95         Мэнкью, Н.Г.        Экономикс = Economics. /Н.Г. Мэнкью, М.П. Тейлор; Жауапты шығарушы Н.Б.Қожабек.- 4-халықаралық басылым.- Алматы: «Ұлттық аударма бюросы», 2018.- 848 б.              70 экз.

Бұл кітап – Мэнкьюдің классикалық оқулығының бейімделген нұсқасы. Оқулықтың басты артықшылығы — автордың экономиканы оқырман көзқарасымен көрсететінінде. Нақты мысалдарға сүйене отырып, жазылған мәтін саясат пен экономика теориясын еркін түсіндіреді. 4-басылым толықтай жаңартылды. Кейбір идеяларды, мысалы, Марксизм мен Феминизм теорияларын кеңінен түсіндіру үшін жаңа тақырыптар қосылды. Қаржы нарығы туралы жаңа бөлім қаржы дағдарысы мен оның себептері тақырыбын қамтиды. Ал соңғы бөлім дағдарыстан кейінгі әлем және жаңа теориялардың пайда болуына қатысты сауалдарға жауап береді.

65.12.1я73

К86        Куратко, Д.Ф.         Кәсіпкерлік: теория, процесс, практика.  /Д.Ф. Куратко; «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының редакциялық алқасы: Тәжин М.М.- 10-басылым.- Алматы: «Ұлттық аударма бюросы», 2018.- 480 бет.                3 экз.

Бұл кітап XXI ғасырдағы экономикалық, қоғамдық және әлеуметтік дамудың басты қозғаушы күші болып саналатын кәсіпкерлік құбылысты теориялық және практикалық тұрғыдан зерделеуге арналған. Кәсіпкерлікті жете түсіндіру үшін оның негізгі кезеңдерін сипаттайтын бастау, жоспарлау, қалыптасу және даму сатылары жүйелі әрі дәйекті түрде талданған. Кәсіпкерлік идеяны нарыққа шығаруға қажет ойлау жүйесі мен инновацияның рөлі кеңінен ашып көрсетілген. Кітаптың мақсаты — оқырманды кәсіпкерліктің үздік тәжірибелерімен таныстырып, тәжірибелік және эксперименттік оқыту әдістері арқылы кәсіпкерлікке қажет дағдыларды сіңіру. Кітап бизнесі бар кәсіпкерлер мен болашақта кәсіпкер болғысы келетін жастарға, жоғары және кәсіби оқу орындарының студенттері мен оқытушыларына, кәсіпкерлікті зерттеп жүрген қауымдастыққа, осы салаға қызығушылығы бар қалың оқырманға арналған. Сондай-ақ, қазақ тіліндегі MBA курсының оқулығы ретінде ұсынылады.

37108      Гриффин, Р.У.      Менеджмент: Management. /Р.У. Гриффин.- 12-басылым.- Алматы: «Ұлттық аудрма бюросы», 2018.- 768 б.           70 экз.

Рикки Гриффиннің «Менеджмент» оқулығы алғаш рет 1984 жылы жарық көрген. Содан бері ол ондаған тілге аударылып, екі миллион данамен таралды. Оқулықтың қазақ тіліндегі алғашқы басылымы ағылшын тіліндегі он екінші басылым негізінде дайындалды. Кітап менеджмент саласында қалыптасқан дәстүрлі түсініктермен қатар, жаңа ұғымдар мен тұжырымдарды да қамтиды. Менеджер жұмысына тікелей де, жанама да әсер ететін этикалық бақылау, қоғамдық жауапкершілік, менеджмент саласының жаһандық сипаты, цифрлық технологиялар, теория мен тәжірибенің ұштасуы сынды категориялардың әрқайсысы нақты кейстер негізінде түсіндіріледі. Кітап жоғары оқу орындарының «Экономика», «Менеджмент», «Маркетинг» және басқа да мамандықтарда оқитын студенттерге, оқытушыларға, кәсіп бастаушы бизнесмендерге, кәсіпорын басшыларына, менеджмент жөніндегі білімін арттырғысы келетін кез келген оқырманға арналған және қазақ тіліндегі MBA курсының негізгі оқулықтарының бірі ретінде ұсынылады.

86.2

А79   Армстронг, К.    Иудаизм, христиандық пен исламдағы 4000 жылдық ізденіс: Құдайтану баяны. /К. Армстронг; «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының редакциялық алқасы: Тәжин М.М.- Алматы: «Ұлттық аударма бюросы», 2018.- 432 б.    3 экз.

Санамыздағы бір Құдайға деген сенім қайдан келіп орнықты? Адамзаттың Жаратушы туралы түсінігі қалай өзгеріп отырды? Жаратушыны әлемдік үш ұлы дін — яхудилік, христиандық пен ислам — қандай сипаттарымен таныды? Бұл үш дін бір-біріне қалай ықпал етті? Автор осы сауалдарға жауап іздеп, тамаша ғылыми зерттеу жасаған: бір кітаптың шеңберінде монотеизмнің тұтас тарихын қамтыған — Ыбырайымнан біздің заманымызға, антикалық философиядан ортағасырдағы мистицизмге, Қайта өрлеу мен реформашылық дәуірдегі рухани ізденістерден қазіргі заманғы скептицизмге дейінгі Жаратушының тану тарихын баян еткен. Яхудилік, христиандық пен исламның өрісі аясында адамзат ақыл-ойының Жаратушы туралы ұғым-түсінігінің даму кезеңдерін көрсеткен. Карен Амстронг-ағылшын ғалымы.

37118      Фромкин, В.          Тіл біліміне кіріспе. Халықаралық басылым = An ibtroduction to Language. /В. Фромкин, Р. Родман, Н. Хайамс; «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының редакциялық алқасы: Тәжин М.М.- 10-басылым.- Алматы: «Ұлттық аударма бюросы», 2018.- 608 бет.                 69 экз.

Атауы айтып тұрғандай «Тіл біліміне кіріспе» деп аталатын бұл кітап келешек филолог мамандарға, шет тілі филологиясында оқитындарға, жалпы оқырман қауымға лингвистика ғылымы жөнінде алғашқы мағлұмат беруді көздейді. 12 тараудан тұратын кітапта тіл ғылымы, фонетика, грамматика, морфология мен синтаксис мәселелері баяндалады. Тілдік өзгеріс, тілді меңгеру, жазба тілдің негіздері, тіл және адам миы сияқты жекелеген мәселелер де қамтылған. Бұл кітап «Тіл біліміне кіріспенің» оныншы басылымы болғандықтан, онда елеулі толықтырулар мен жаңалықтар бар. Бұл ақпараттың басым көпшілігі студенттерге лингвистика мәселелері жөнінде жүйелі білім алуға, бұқаралық ақпарат құралдарындағы талқылауға қатысуға және оқытушылар мен студенттерге маңызды лингвистикалық зерттеулерден хабардар болуға көмектеседі. Мұнда тіл және тілді пайдалануға қатысты көкейкесті мәселелерге де жауап табылады. Басылымдағы жаттығулар студенттердің материалдарды қаншалықты игергенін тексеруге мүмкіндік береді. Кітап тілші ғалымдарға, ағылшын тілін үйренушілерге, филология факультетінің студенттері мен оқытушыларына және тіл біліміне қызығатын жалпы көпшілікке арналған.

37117      Тер-Минасова, С.Г.       Тіл және мәдениетаралық коммуникация = Язык и межкультурная коммуникация. /С.Г. Тер-Минасова; «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының редакциялық алқасы: Тәжин М.М.; Аудармашылар: Ордабекова Х., Бағиева Ш.- Алматы: «Ұлттық аударма бюросы», 2018.- 320 б.          68 экз.

Бүгінгі техника мен байланыс құралдарының дамуымен жеке адамдар арасындағы, ұлтаралық, мәдениетаралық байланыс еш кедергісіз, саяси немесе экономикалық шектеуді елемей, табиғи жолмен еркін өріс алуда. Сондықтан өзге жұрттың тілі мен мәдениетін игеру, онымен етене араласа білудің маңызы бұрын-соңды болмаған дәрежеге көтеріліп отыр. Мәдениетаралық коммуникация — бүгінде кезкелген салада қызмет ететін маманға, әр адамға қажетті жаңа пән. Қазақ тілінде алғаш басылып отырған бұл оқулық түрлі ұлт, мәдениет өкілдерінің өзара ұғынысып, ортақ тіл табысуы үшін не маңызды екенін егжей-тегжейлі түсіндіреді. Кітап тілшілерге, дипломаттарға, әлеуметтанушыларға, психологтар және мәдениеттанушыларға, сондай-ақ, қызметі мен күнделікті өмірде ұлтаралық және мәдениетаралық коммуникация мәселелерімен бетпе-бет келетін көпшілікке арналады.

37111      Барнард, А. Антропология тарихы мен теориясы: оқулық. /А. Барнард; «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының редакциялық алқасы: Тәжин М.М.- Алматы: «Ұлттық аударма бюросы», 2018.- 240 бет.          70 экз.

Кез келген пәнді жете түсіну үшін оның тарихын білудің маңызы зор. Алан Барнард антропология пәнінің қалыптасуындағы көзқарастардың даму тарихын зерттеп, теориялар мен мектептердің шығу тегін талдап, түрлі идеялар төңірегіндегі пікірталасты сараптап, жүйелеген. Бұл оқулық — сол жұмыстың нәтижесі. Кітап мазмұны антропология ғылымының қалыптасу тарихын, ондағы эволюция теориясы туралы тұжырымдарды, диффузионистік және тарихи-мәдени аймақтар теорияларын, функционализм және құрылымды-функционализм, әрекетке негізделген теорияларды, процессуалдық және маркстік көзқарастағы зерттеулерді, релятивизм, структурализм мен постструктурализмнің түрлі салаларын және енді ғана қалыптасып жатқан интерпретациялық және постмодернистік көзқарастарға қатысты тақырыптарды кеңінен қамтыған. Бұл оқулық антропология тарихы мен теориясын меңгеруге ден қойған студенттер мен жас мамандарға арналған.

37119     Шваб, К.       Төртінші индустриялық революция = The Fourth Industrial Revolution. /Клаус Шваб; «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының редакциялық алқасы: Тәжин М.М.- Алматы: «Ұлттық аударма бюросы», 2018.- 200 бет.          66 экз.

Біз бүгін баршамыздың өмірімізді де, жұмысымызды да, күнделікті қарым-қатынасымызды да түбегейлі өзгертетін алапат индустриялық революцияның бастауында тұрмыз. Бұл төртінші революция ауқымы, қарымы мен күрделілігі революция жағынан да осы уақытқа дейінгі адамзат тарихындағы құбылыстардың барлығынан асып түседі. Жасанды интеллектінің, робот- тандырудың, робот-автомобильдердің, 3D басып шығарудың, нанотехнологияның, биотехнологияның дамуымен және тағы да толып жатқан ғажайыптардың пайда болуымен барлық салада қарыштап көкке өрлейтін, таңғаларлық технологиялық дүмпуге куә болмақпыз. Бүкіләлемдік экономикалық Давос форумының негізін қалаушы және тұрақты президент Клаус Шваб осындай алапат өзгерістердің әлеуетін алдын ала болжап, терең байыптап, оны адамзат игілігіне жарату жолдарын қарастыратын еңбек жазған. Демек, бұл кітап адамзаттың ортақ болашағы үшін алаңдайтын және революциялық технологияларды қоғам тіршілігіне икемдеуге ниетті жасампаз ортаға арналған.