Жаңалықтар!

Жаңалықтар!

1992 жылдың 4 маусымында Президент Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздері туралы» Заңға қол қойды. Бұл күн еліміздің тарихында мемлекеттік рәміздеріміз — ту, елтаңба және әнұранымыздың алғаш рет бекітілген күні болып қалды. 2007 жылы Елбасы Жарлығымен 4 маусым — Мемлекеттік рәміздер күні ретінде бекітілді.
Осыған орай, 2020 жылы 3 маусым күні С.Ж. Асфендиярова атындағы ҚазҰМУ – нің Ғылыми кітапханасында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күніне арналған «4 маусым Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні» атты кітап көрме қойылды. Көрмеге Мемлекеттік рәміздерінің өңдеу мен тарихы, авторлары туралы әдемі безендірілген фотоальбомдар ұсынылды.

Ғылыми кітапхана