24 қазан –Кітапханашылар күні

Хабарландыру!

ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 18 қазан № 833 қаулысымен «24 қазан- кітапханашылар күні» болып бекітілді.

С.Ж. Асфендияров атындағы Ғылыми кітапхана — Кітапханашылар күніне орай мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.

Университеттің кәсіподақ комитетінің ұйымы қолдау көрсетуімен кітапхана қызметкерлерін кәсіптік мерекемен құттықтады.

– Кітапхана — мәдени-ағартушылық ғимарат. Кітапхананың жұмысы студенттердің жан-жақты дамыған тұлғасын қалыптастыру, еңбек нарығында білікті мамандар мен ғылыми кадрларды даярлауға көмектесу мәселелерін шешу үшін жұмыс жасайды. Жоғары білім беруді пайдаланушылардың ақпараттық қажеттіліктерін қанағаттандыру – оқу және ғылыми қызметпен айналысатын оқытушылар мен қызметкерлерге білімін арттыруға септігін тигізетін орын.

Анықтама-библиография бөлімі «Ең ұлы қазына — Кітапхана» атты көрме ұйымдастырды. Кітапханашылар ұжымына арналып слайд жасалынды.