ҚазҰМУ-нің Ғылыми кітапханада  Мәжит Чумбаловтың 150 жылдығына орай «Мәжит Чумбалов – Қазақстанның дәріхана қызметінің ұйымдастырушысы» атты дөңгелек үстелі өтті.

Жаңалықтар!

 

2023 жылдың 2 қазан айында С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің Ғылыми кітапханада  Мәжит Чумбаловтың 150 жылдығына орай «Мәжит Чумбалов – Қазақстанның дәріхана қызметінің ұйымдастырушысы» атты дөңгелек үстелі өтті.

Белгілі ғылым қайраткері, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, фарм.ғ.д., профессор Ушбаев Кенесбай және кафедраның ардагер ұстазы, доцент Радюк Мария Ивановна қонақ болды.

«Мәжит Чумбалов – Қазақстанның дәріхана қызметінің ұйымдастырушысы» тақырыбындағы студенттер видеоролик, баяндамаларын ортаға салды.

Ғылыми кітапхананың анықтама-библиография бөлімнің қызметкерлері «Шомбалов Мәжит Мұхамеджанұлы (1873-1940)» атты көрме ұйымдастырды.

Көрмеге Мәжит Чумбаловтың өмірбаяны, еңбектері мен фотосуреттері қойылды.

Ұйымдастырушылар:

  • Фармацияның ұйымдастырылуы, басқарылуы және экономикасы және клиникалық фармация кафедрасы;
  • Ғылыми кітапхана.