«Оқитын ұлт» жобасы

Кітапхана жаңалықтары!
2023 жылы 18 қазан күні сағат 11.00-де С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің №7 ғимаратындағы №6 аудиториясында Ғылыми кітапхана, Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы қолдауымен «Оқырман ұлт» жобасы аясында «Отбасы хрестоматиясы» қоғамдық қорының бірлесе ұйымдастыруымен «Кітап оқу өнері» туралы жоспардан тыс семинар өткізілді.
Іс-шараны журналист, аудармашы, phd докторант, «Құстар мәжілісі», «Робинзон Крузо», «Өмірден мән іздеген жан» кітаптарын аударған, «Махаббаттың мәні» кітабының авторы Сәкен Нұрқабекұлы өткізді. Кітап оқу төзімділікке баулиды, қиялыңызды ұштап ой-өрісіңізді кеңейтеді, сөйлеу мәдениетіңізді дамытады. Сонымен қатар шығармашылыққа баулиды. Кітап оқуды – бос уақытты өткізу десеңіз, қателескеніңіз. Біліміңізді арттыру үшін бос уақытты күтпейтініңіз рас, ендеше кітап оқу да дәл солай. Арнайы бос уақыт күтпеңіз, тек уақытыңыздың бір бөлігін арнасаңыз болғаны-деп жастарды кітап оқуға деген сүйіспеншіліктерін арттыруға шақырды.
Шара: Жастардың жан-дүниесін өсіріп, үлгі-өнеге беретін ақылшы дос, білім көзі, рухани қазына кітап әлеміне шарлатып, білім-ғылым жолына жетелейтін қазына екенін ұғындыру мақсатында өткізілді. Іс-шараға ҚазҰМУ-нің жалпы медицина, педиатрия, стоматология және тағы басқа мектептердің студенттері қатысты.

Ғылыми кітапхананың анықтама-библиография бөлімі