Новости и Объявления библиотеки
«Ұлт мақтанышы – Санжар Асфендияров» атты әдеби-танымдық кеш
2026 жылғы 2 сәуір күні С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті Ғылыми кітапханасында «Ұлт мақтанышы – Санжар Асфендияров» атты әдеби-танымдық кеш өтті. Іс-шара барысында Санжар Асфендияровтың өмірі мен қоғамдық қызметіне арналған қысқаша деректі бейнеролик көрсетіліп, студенттердің баяндамалары тыңдалды. Сонымен қатар студенттер өздері шығарған өлеңдерін оқып, ән орындап, кештің көркемдік мазмұнын арттырды. Кеш аясында Тілдік пәндер кафедрасының ф.ғ.к., қауымдастырылған профессоры М.А. Зайсанбаев (Төлеубек Қизатұлы) Абай Құнанбайұлының бір өлеңін домбырамен орындап, келген қонақтарға ерекше әсер сыйлады. Іс-шараның қорытынды сөзін қонақ ретінде шақырылған ф.ғ.к., қауымдастырылған профессор Төлегенов Талғат Құрмашұлы сөйлеп, кештің маңыздылығына тоқталды. Кеш аясында Ақпараттық-әдістемелік бөлімі арнайы көрме ұйымдастырды. Көрмеге қойылған құнды жәдігерлер…
Read more


























































































































































