Есім Әскербек Жармағамбетұлының «Кездейсоқ емес кездесулер» кітабының тұсаукесері

30.11.2023 жылы С.Ж.Асфендияров атындағы Қаз.ҰМУ Ғылыми кітапханасының оқу залында С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті балалар стоматологиясы кафедрасының профессоры, медицина ғылымдарының докторы Есім Әскербек Жармағамбетұлының «Кездейсоқ емес кездесулер» кітабының тұсаукесері өтті. Шараға арнайы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Журналист «Қазақ» газетінің меншікті тілшісі — Қали Қамбаров, медицина ғылымдарының докторы профессор, Қазақ ұлттық университетінің стоматология факультетінің деканы, белгілі, білікті маман, стоматолог ортопед- Темірбаев Мақсұт Әбуұлы, медицина ғылымдарының докторы, профессор. Балалар стоматологиясы кафедрасының профессоры Ермуханова Гүлжан Тілеумұқанқызы, медицина ғылымдарының кандидаты, доцент. Балалар кардиологиясының үздік маманы, КРМУ-дің мұғалімі -Испулаева Светлана Халитовна, Кеңес Одағы мен суретшілер Одақтарының мүшесі Жеңісбек Әбдіраман және стоматология факультетінің білімгерлері қатысты.

Іс-шараға қатысушы ғалымның әріптестері, замандас достары, шәкірттері Әскербек Жармағамбетұлының еңбек жолы, шығармашылығы, азаматтық болмысы туралы тұжырымды естеліктерімен бөлісті.

Ғылыми кітапхананың анықтама-библиография бөлімі  «Ұстаз – ұлағатты тұлға» тақырыбында  кең көлемді кітап көрмесін ұйымдастырды.

Көрмеге Е.Ә. Жармағамбетұлының өмірбаяны, фотосуреттері, баспасөз бетінде жарық көрген еңбектері, оқулықтары орын алды. Сонымен қатар «Кездейсоқ емес кездесулер» қазақ және орыс тілінде жазылған кітабының тұсауы кесіліп, конференция қонақтарына, профессорлар мен мұғалімдерге, студенттерге қолтаңбасы қалдырылған кітаптарын сыйға тарту етті. Шараны ОЗ мектебінің 3 курс студенті Иман шеберлікпен жүргізсе ал, студенттер профессор  Ә. Жармағамбетұлына көкейдегі сұрақтарын қойып, оған тұщымды жауаптар алды. Шара өте қызықты да әсерлі өтті.