Жаңалықтар!

2021 жылдың 27 шілде айында Қазақтың тұңғыш ғарышкері, ұшқыш, Кеңес Одағының Батыры, Қазақстан Республикасының Халық қаһарманы Тоқтар Әубәкіров 75 жасқа толды.
Басты мақсатымыз – оқырмандарға қазақтың мәртебесін көкке көтеріп жүрген ғарышкер ағамыздың өмір тарихы туралы және ғарыш айлағы Байқоңыр туралы мәліметтер беру. Ғарышқа тек қана өте білімді, денсаулығы мықты, спортпен үзбей шұғылданатын, еңбекқор адамдар ұшатынын ұқтыра отырып, университетіміздің студенттерін еңбек сүйгіштікке, патриоттық сезімдерін оята отырып, өз Отанын сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.
Ғылыми кітапхана «Ғарыш-келешектің жолы» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрмеге ғарыш туралы, Тоқтар Әубәкіровтің өмірбаяны жайлы материалдар және Байқоңыр ғарыш алаңы жайында мәліметтер, қазақтың ғарышкерлері туралы қосымша ақпарат көздерінен алынған материалдар қойылып, оқырман назарына ұсынылды.

Ғылыми кітапхананың анықтама-библиография бөлім