«Қазақстан – туған елім, ұлы өлкем»
2025 жылдың 24 қазан күні университеттің Ғылыми кітапханасының ақпараттық-әдістемелік бөлімі Республика күніне арналған «Қазақстан – туған елім, ұлы өлкем» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты: студенттер мен оқытушылар арасында Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру, ел тарихы мен мәдениетіне құрмет сезімін қалыптастыру, сондай-ақ Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде дамуы мен жетістіктерін насихаттау болды. Көрмеге университеттің студенттері, профессор-оқытушылар құрамы және кітапхана оқырмандары қатысып, ұсынылған әдебиеттермен танысты. Экспозицияда Қазақстанның тәуелсіздікке қол жеткізу жолы, еліміздің тарихи қалыптасуы, ұлттық құндылықтар мен мәдени мұралары, ғылым, білім және экономика салаларындағы жетістіктері туралы мазмұнды кітаптар, мерзімді басылымдар мен иллюстрациялық материалдар қойылды. Көрме барысында қатысушылар еліміздің тарихына арналған еңбектермен қатар, заманауи Қазақстанның даму бағытын айқындайтын ғылыми зерттеулер мен…
Read more






























































