Шоқан Уәлихановтың туғанына – 190 жыл
2025 жылдың 26 қарашасында Ғылыми кітапхананың ақпараттық-әдістемелік бөлімі «Шоқтығы биік Шоқан» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Қазақ халқының ұлттық мақтанышы Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов — бірнеше ғылым саласында еңбек етіп, олардың әрқайсысында айқын із қалдырған көрнекті ғалым. Ол әсіресе шығыс тіл білімі, тарих және этнография салаларындағы ғылыми еңбектерімен өшпес даңққа бөленді. Қазақстанның, Қырғызстанның, Оңтүстік Сібір мен Шығыс Түркістанның тарих, этнография, мәдениет, экономика, физикалық география салаларын терең ғылыми зерттеулерімен толықтырды. Сол кездің өзінде Шоқан қайсарлығымен және ерекше табандылығымен көзге түсті. Қазақстанның Ресей құрамына қосылу үдерісінің соңғы кезеңін бастан өткеріп отырған халқының тағдыры Ш.Ш. Уәлихановты терең толғандырды. Ол қазақ халқының нақты тарихи өмір салтына қайшы келетін, әдет-ғұрпы мен дәстүріне жат сот реформаларын зорлықпен енгізіп отырған патша өкіметінің самодержавиялық саясатына батыл қарсы шықты. Орыс зиялы қауымының алдыңғы қатарлы өкілдерімен тығыз шығармашылық және достық байланыста бола отырып,…
Read more






























































