Author Archive: kaznmu

«Қайрат Рысқұлбековке – 60 жыл»

2026 жылғы 12 наурызда Ғылыми кітапхананың үшінші қабатындағы №330 кабинетінде 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының қатысушысы, Қазақстанның Халық қаһарманы Қайрат Рысқұлбековтің туғанына 60 жыл толуына орай –  «Ел үшін туған ер» атты тақырыптық көрме ұйымдастырылды. Қайрат Рысқұлбеков – ерлік пен қайсарлықтың, Отанға деген шексіз сүйіспеншіліктің символы. Оның есімі Қазақстан тарихындағы маңызды кезеңдердің бірі – 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасымен тығыз байланысты. Сол күндері қазақстандық жастар әділдік пен ұлттық намысты қорғап, өздерінің азаматтық ұстанымдарын көрсетті. Қайраттың тағдыры ел тәуелсіздігі мен бостандығы жолындағы күрестің жарқын белгісіне айналды. «Дүниеде шындық пен әділдіктен күшті ештеңе жоқ»…
Read more

Әлихан Бөкейханның өмірі мен қызметіне арналған кітап көрмесі

2026 жылдың _5 Наурыз күні Ғылыми кітапханада, ғылыми оқу залында «Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов – 160 жыл» тақырыбында қазақтың көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, Алаш қозғалысының жетекшісі Әлихан Бөкейханның өмірі мен қоғамдық-саяси қызметіне арналған тақырыптық кітап көрмесі ұйымдастырылды. «Ұлтына, жұртына қызмет…
Read more

Құрметті ҚазҰМУ оқытушылары мен студенттері!

Сіздерге 2026 жылдың 3 наурызынан 17 наурызына дейін ҚазҰМУ ғылыми кітапханасы ерекше мүмкіндік ұсынатынын хабарлаймыз: Эпиграф баспасының мультимедиялық оқулық порталы мен анимациялық каталогы Mbook.kz-ке сынақ нұсқасымен кіру мүмкіндігі. Бұл ресурс – Қазақстан Республикасындағы студенттер мен оқытушылар арасында танымал 3000-нан астам білім беру басылымдарын қамтитын білімнің кең қоймасы. Пайдаланушылар қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі оқулықтарға қол жеткізе…
Read more

«Толық адам – тіл арқылы» тақырыбында «Сөз түзелді, тыңдаушым, сен де түзел» атты әдеби-музыкалық кеш

2026 жылдың 26 ақпанында Тілдік пәндер кафедрасы мен Ғылыми кітапхананың ұйымдастыруымен «Толық адам» идеологиясы аясында «Толық адам – тіл арқылы» атты әдеби-музыкалық кеш өтті. Хакім Абайдың «Сөз түзелді, тыңдаушым, сен де түзел» деген ұлағатты сөзі кештің басты ұранына айналды. Кештің…
Read more

«Әлем таныған Әуезов» атты кітап көрмесі

2026 жылдың 17 ақпанында С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Ғылыми кітапханасының №418 оқу залында (4-қабат) қазақ әдебиетінің классигі, көркем прозаның асқар шыңы, жазушы-драматург және әдебиет зерттеушісі Мұхтар Омарханұлы Әуезовке арналған «Әлем таныған Әуезов» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің мазмұны: Экспозицияға Мұхтар…
Read more

«Қазақстан – табиғат пен тарих үндестігі»

2026 жылдың 24 ақпанында «Қазақстан – табиғат пен тарих үндестігі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты: Көрменің басты мақсаты – Қазақстанның тарихы, мәдениеті мен рухани құндылықтарын насихаттайтын кітаптарды оқырман қауымға таныстыру. Көрмеге қойылған әрбір еңбек еліміздің өткені мен бүгінін тереңірек…
Read more

«Дана тұлға – Дінмұхамед Қонаев»

2026 жылдың 24 ақпанында С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің Ғылыми кітапханасында көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевқа арналған «Дана тұлға – Дінмұхамед Қонаев» атты кітап көрмесін көре аласыздар. Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев – еліміздің ХХ ғасырдағы тарихында айрықша із қалдырған,…
Read more

Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы

2026 жылғы 19 ақпанда С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің Ғылыми кітапханасында ұлы ойшыл әрі ақын Абай Құнанбайұлына арналған «Ұлы халықтың – Ұлы Абайы» атты жыл бойы жұмыс істейтін тұрақты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Ұлы ақын, ойшыл, ағартушы, философ Абай…
Read more

Нейрохирургиялық Атлас платформасына тестілік қолжетімділік 2026 жылдың 27 ақпаны мен 31 наурызы аралығында ашық

Құрметті ҚазҰМУ оқытушылары мен студенттері! ҚазҰМУ Ғылыми кітапханасы Нейрохирургиялық Атлас платформасына тестілік қолжетімділік 2026 жылдың 27 ақпаны мен 31 наурызы аралығында ашық екенін хабарлайды. Нейрохирургиялық Атлас – нейрохирургия саласындағы Нобель сыйлығының баламасының иегері доктор Аарон Коэн әзірлеген нейрохирургия бойынша заманауи…
Read more

Құрметті оқытушылар мен студенттер!

Ғылыми кітапхана сіздерді 2026 жылдың 19 және 24 ақпанында өтетін онлайн вебинарларға шақырады. 19 ақпан, сағат 15:00 – Әлемдегі ең танымал баспагерлердің электронды кітаптарына кез келген уақытта, кез келген жерде қол жеткізіңіз! Бұл практикалық сабақ сізге EBSCO электронды кітаптарын қалай…
Read more