Author Archive: kaznmu

Дадамбаев Еділ Тайтулеұлы – 80 жыл.

2025 жылғы 17 қазан күні С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің Маншүк Мәметова атындағы аудиториясында Ғылыми кітапхананың ақпараттық-әдістемелік бөлімі ұйымдастырған Дадамбаев Еділ Тайтулеұлына арналған көрме өткізілді. Көрменің мақсаты: С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ студенттері мен қызметкерлерін Дадамбаев Еділ Тайтулеұлының өмірі, шығармашылығы және кәсіби жетістіктерімен таныстырып, жас ұрпақты медицина саласында дамуға және өзін-өзі жетілдіруге шабыттандыру, сондай-ақ аса көрнекті тұлғаның есімін сақтап, құрмет көрсету. Дадамбаев Еділ Тайтулеұлы – профессор, дарынды педагог, барша құрметтейтін ғалым, медицина ғылымдарының докторы. Еділ Тайтулеұлы өте тұтас тұлға болып, әділ және парасатты адам болған. Профессор Дадамбаев Е.Т. медициналық ағарту саласындағы жемісті қызметімен қатар, ғылыми жұмыстармен табысты айналысты….
Read more

«Экология және біз»

2025 жылдың 16 қазан күні С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің Қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасы мен ҚазҰМУ ғылыми кітапханасының қызметкерлері бірлесіп, «Экология және біз» атты экологиялық-ағартушылық бағыттағы ақпараттық кездесу ұйымдастырды. Іс-шараның басты мақсаты – студенттердің экологиялық мәдениетін арттыру, табиғатты…
Read more

2025 жылдың 13 қазанында сағат 15:00-де кітапхананың ғылыми оқу залында (3 қабат, 2 оқу корпусы) EDP Hub LLC халықаралық компаниясының өкілдерімен факультеттің кездесуі өтті.

Кездесуде «EDP Hub» ЖШС өкілі, спикер Гүлжауар Бикжанова презентация жасап, Қазақстан Республикасындағы цифрлық білім беру ресурстарын интеграциялау, сонымен қатар https://www.iprbookshop.ru/ және https://e-uni.kz электронды кітапхана платформаларына авторлық басылымдарды енгізу мәселелерін талқылады. Кездесуде білім және ғылыми зерттеулер саласындағы ынтымақтастықтың негізгі аспектілері қарастырылды:…
Read more

Кафедра күні

Жаңалықтар! 2025 жылы 8 қазан күні Ғылыми кітапхананың Ақпараттық-әдістемелік бөлімі – №2 Жалпы дәрігерлік тәжірибе кафедрасының күнін өткізді. Кафедра күнінің мақсаты – кафедра мен кітапхана арасындағы байланысты нығайту, өзара ынтымақтастықты арттыру. Іс-шара барысында кафедра оқытушылары университет кітапханасына жаңадан келіп түскен әдебиеттермен танысты. Сонымен қатар, кітапхана сайтында https://lib.kaznmu.edu.kz/kk/ ұсынылған ақпараттық ресурстарға, атап айтқанда Sirius, КАБИС, виртуалды кітап көрмелері, сондай-ақ медициналық журналдардың виртуалды көрмесімен танысу мүмкіндігі болды. Кафедра оқытушылары қажетті оқулықтардың электронды нұсқаларын жасауға тапсырыс берді. Сонымен қатар, №2 Жалпы дәрігерлік тәжірибе кафедрасы бойынша оқытылатын пәндердің әдебиеттер тізімі ұсынылды. Іс-шара аясында кітапхана мен кафедра арасындағы өзара қарым-қатынас, кітапхана қорындағы оқулықтар, баспа басылымдары мен электронды оқулықтармен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды….
Read more

«Туған тілім – тірлігімнің айғағы» әдеби-танымдық кеші өтті

2025 жылғы 22 қыркүйекте Қазақстан халқының тілдері күніне орай 7-оқу ғимаратында «Туған тілім – тірлігімнің айғағы» атты әдеби-танымдық кеш өткізілді. Іс-шараны Жалпы медицина мектебі-1, Тілдік пәндер кафедрасы, Тәрбие жұмысы және студенттік бастамалар орталығы және Ғылыми кітапхананың Ақпараттық-әдістемелік бөлімі бірлесе ұйымдастырды….
Read more

Құрметті ҚазҰМУ оқытушылары мен студенттері!

ҚазҰМУ Ғылыми кітапханасы және EBSCO сіздерді 2025 жылдың қыркүйегінде өтетін вебинарлар сериясына шақырады. Барлық вебинарлар тегін және орыс тілінде өтеді. Әрқайсысының ұзақтығы шамамен 1 сағатты құрайды. Сізді қызықтыратын вебинарды таңдап, тіркеліңіз. Қатысушыларға ескерту! Zoom платформасы қатысушылар үшін вебинардың басталу уақытын…
Read more

ҚАЗАҚСТАН КОНСТИТУЦИЯСЫНА 30 ЖЫЛ

2025 жылдың 27 тамызынан 8 қыркүйек аралығында С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің мұражайында Қазақстан Республикасының Конституциясына 30 жыл толуына арналған «Конституция – мемлекеттің төлқұжаты» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмені университеттің мұражайынан тамашалай аласыздар. Көрмеге Қазақстанның Туы, Мемлекеттік елтаңбасы, Конституцияның алғашқы шыққан Конституция кітаптары, Елтану әліппесі, газет пен журналдарға шыққан мақалалар қойылған. Мақсаты: еліміздің басты Заңы туралы білімдерді тереңдету, қазақ халқының өткен тарихына қызығушылықты арттыру. Тәуелсіз Қазақстанның бірінші Конституциясы парламенттік республика моделінің негізінде 1993 жылғы 28 қаңтарда Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымының IX сессиясында қабылданды. Көрмеде ұсынылған алғашқы…
Read more

31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған кітап көрмесі

С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ 2025 жылдың 26 мамыр күні Ғылыми кітапхананың оқу залында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Мәңгілік тағзым» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты: студенттердің патриоттық сезімдерін тәрбиелеу, саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу. Туған өлкесінің тарихына…
Read more

Ұлы Жеңістің 80 жыл

ҚазҰМУ-де Отан қорғаушылар күні мен Жеңістің 80 жылдығы аталып өтті 2025 жылдың 5 мамырында С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған ауқымды мерекелік іс-шаралар өтті. 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні…
Read more