Алматы қаласы әкімдігі мен Мәдениет және архивтер басқармасының қолдауымен ең ұзын құрақ көрпе тігу жұмысы Алматыда «Наурыз-2018» мерекесі аясында қолға алынып, «Гинесстің рекордтар кітабының» жаңа рекорды жасалмақ. Жобаны жүзеге асыру үшін қаланың 25 кітапханасынан көрпе элементтері қабылданды.
Көлемі 25 500 мың шаршы метр болатын құрақ көрпе акциясын 22 наурызда бастау алды және бұл шара қыркүйек айында болатын Алматы қаласы күні мерекесінде аяқталады.
ҚазҰМУ Ғылыми кітапхана ұжымыда бұл жобаға белсене қатысып, өз үлестерін қосуда.
«Құрақ көрпенің әр бөлшегі Отанымыздың сан алуандығын: оның даласын, тауы мен өзенін көрсетеді, ал басты символ – халықтың бірлігі. Қазақстанда 130-дан астам ұлт тұрады. Көрпенің құрақтары тұтас жамылғыға айналып, еліміздің тұтастығын паш етеді», – деді жобаның басты ұйымдастырушысы Алматы қаласы Мәдениет және мұрағаттар басқармасы.