Новости и Объявления

Новости и Объявления библиотеки

Құрметті студенттер мен оқытушылар!

ҚазҰМУ ғылыми кітапханасының қызметтері енді тәулік бойы – 24/7 қолжетімді. Оқу залы 2-ғимараттың жертөлесінде орналасқанын еске саламыз. Сіз өзіңізге ыңғайлы уақытта келіп, біздің коллекциямыз бен ресурстарымызды шектеусіз пайдалана аласыз. Біз сіздің оқуыңыз бен зерттеуіңіз үшін ең қолайлы жағдайларды жасауға тырысамыз. Сізді кез келген уақытта кітапханамызға шақырамыз! Біз сізге барлық қажетті материалдар мен заманауи ақпараттық ресурстарды, сондай-ақ жеке және топтық оқу үшін жайлы ортаны ұсынамыз. Егер сұрақтарыңыз туындаса немесе кеңес қажет болса, әрқашан көмектесуге дайын мамандарымызға хабарласыңыз. Біздің кітапхананың мүмкіндіктерін 24/7 пайдаланып, оқуыңыз бен зерттеуіңізде сәттілік тілейміз!

Ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасының күні

2026 жылдың 1 сәуірінде С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің №2 оқу ғимаратында орналасқан ғылыми кітапхананың №330 кабинетінде «Ішкі аурулар пропедевтикасы» кафедрасы үшін «Кафедра күні» атты ақпараттық іс-шара өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқу үдерісінің ақпараттық-кітапханалық қамтамасыз етілу сапасын арттыру, университет кафедраларының оқытушыларын қолда бар ақпараттық ресурстар мен қызметтер туралы хабардар ету, сондай-ақ кітапхананың профессорлық-оқытушылар құрамымен өзара ынтымақтастығын нығайту. «Кафедра күні» аясында келесі негізгі мәселелер талқыланды: ақпараттық қызметтер және толықмәтінді мәліметтер базаларын пайдалану және дамыту; кафедра пәндері бойынша оқу әдебиеттерін пайдалану деңгейін талдау; кафедра пәндерін талаптарға сәйкес оқу әдебиеттерімен қамтамасыз ету; «Ішкі аурулар пропедевтикасы» кафедрасына арналған оқу-әдістемелік құралдар көрмесі; кафедра пәндері бойынша әдебиеттер тізімін ұсыну. Іс-шара барысында…
Read more

Құрметті оқытушылар, зерттеушілер және студенттер!

Scopus дерекқорына енді қол жетімді. Ғылыми біліміңізді кеңейту және зерттеу тиімділігін арттыру мүмкіндігін жіберіп алмаңыз. Мақсаттарыңызға жету үшін толық мәтінді мақалаларды, дәйексөз статистикасын және аналитикалық құралдарды пайдаланыңыз. Scopus – журнал мақалаларын, конференция материалдарын және журнал рейтингтерін қамтитын әлемдегі ең ірі ғылыми басылымдар дерекқорларының бірі. Оны ғалымдар тиісті ақпаратты табу, дәйексөздерді талдау, ғылыми қызметті бағалау және зерттеу сапасын жақсарту үшін пайдаланады. Қалай кіруге болады? Scopusсілтемесінбасыңыз – Басты бет Scopusнемесе ScienceDirect.com | Ғылым, денсаулықсақтау және медициналық журналдар, толық мәтінді мақалалар және кітаптар туралы мәліметтер (пайдаланушы аты мен құпия сөз) арқылы кіріңіз. Егер сіздеScopusтіркелгісі болмаса, қашықтан тіркеле аласыз. [email protected] электрондық поштасына хат жазыңыз Ресурстызерттеп,…
Read more

Құрметті ҚазҰМУ оқытушылары мен студенттері, дәрігерлер мен зерттеушілер, сіздерді «Кокран жүйелі шолулары – дәлелді медицинадағы алтын стандарт» атты вебинарға шақырамыз!

Құрметті ҚазҰМУ оқытушылары мен студенттері, дәрігерлер мен зерттеушілер, сіздерді «Кокран жүйелі шолулары – дәлелді медицинадағы алтын стандарт» атты вебинарға шақырамыз! 2026 жылғы 26 наурыз, бейсенбі, сағат 16:00. Тіркелү Вебинарда Cochrane Russia директоры, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Ресей медициналық үздіксіз кәсіби…
Read more

«Қайрат Рысқұлбековке – 60 жыл»

2026 жылғы 12 наурызда Ғылыми кітапхананың үшінші қабатындағы №330 кабинетінде 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының қатысушысы, Қазақстанның Халық қаһарманы Қайрат Рысқұлбековтің туғанына 60 жыл толуына орай –  «Ел үшін туған ер» атты тақырыптық көрме ұйымдастырылды. Қайрат Рысқұлбеков – ерлік пен қайсарлықтың, Отанға деген шексіз сүйіспеншіліктің символы. Оның есімі Қазақстан тарихындағы маңызды кезеңдердің бірі – 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасымен тығыз байланысты. Сол күндері қазақстандық жастар әділдік пен ұлттық намысты қорғап, өздерінің азаматтық ұстанымдарын көрсетті. Қайраттың тағдыры ел тәуелсіздігі мен бостандығы жолындағы күрестің жарқын белгісіне айналды. «Дүниеде шындық пен әділдіктен күшті ештеңе жоқ»…
Read more

Әлихан Бөкейханның өмірі мен қызметіне арналған кітап көрмесі

2026 жылдың _5 Наурыз күні Ғылыми кітапханада, ғылыми оқу залында «Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов – 160 жыл» тақырыбында қазақтың көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, Алаш қозғалысының жетекшісі Әлихан Бөкейханның өмірі мен қоғамдық-саяси қызметіне арналған тақырыптық кітап көрмесі ұйымдастырылды. «Ұлтына, жұртына қызмет…
Read more

Құрметті ҚазҰМУ оқытушылары мен студенттері!

Сіздерге 2026 жылдың 3 наурызынан 17 наурызына дейін ҚазҰМУ ғылыми кітапханасы ерекше мүмкіндік ұсынатынын хабарлаймыз: Эпиграф баспасының мультимедиялық оқулық порталы мен анимациялық каталогы Mbook.kz-ке сынақ нұсқасымен кіру мүмкіндігі. Бұл ресурс – Қазақстан Республикасындағы студенттер мен оқытушылар арасында танымал 3000-нан астам білім беру басылымдарын қамтитын білімнің кең қоймасы. Пайдаланушылар қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі оқулықтарға қол жеткізе…
Read more

«Толық адам – тіл арқылы» тақырыбында «Сөз түзелді, тыңдаушым, сен де түзел» атты әдеби-музыкалық кеш

2026 жылдың 26 ақпанында Тілдік пәндер кафедрасы мен Ғылыми кітапхананың ұйымдастыруымен «Толық адам» идеологиясы аясында «Толық адам – тіл арқылы» атты әдеби-музыкалық кеш өтті. Хакім Абайдың «Сөз түзелді, тыңдаушым, сен де түзел» деген ұлағатты сөзі кештің басты ұранына айналды. Кештің…
Read more

«Әлем таныған Әуезов» атты кітап көрмесі

2026 жылдың 17 ақпанында С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Ғылыми кітапханасының №418 оқу залында (4-қабат) қазақ әдебиетінің классигі, көркем прозаның асқар шыңы, жазушы-драматург және әдебиет зерттеушісі Мұхтар Омарханұлы Әуезовке арналған «Әлем таныған Әуезов» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің мазмұны: Экспозицияға Мұхтар…
Read more

«Қазақстан – табиғат пен тарих үндестігі»

2026 жылдың 24 ақпанында «Қазақстан – табиғат пен тарих үндестігі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты: Көрменің басты мақсаты – Қазақстанның тарихы, мәдениеті мен рухани құндылықтарын насихаттайтын кітаптарды оқырман қауымға таныстыру. Көрмеге қойылған әрбір еңбек еліміздің өткені мен бүгінін тереңірек…
Read more