Новости и Объявления библиотеки
«Қайрат Рысқұлбековке – 60 жыл»
2026 жылғы 12 наурызда Ғылыми кітапхананың үшінші қабатындағы №330 кабинетінде 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының қатысушысы, Қазақстанның Халық қаһарманы Қайрат Рысқұлбековтің туғанына 60 жыл толуына орай – «Ел үшін туған ер» атты тақырыптық көрме ұйымдастырылды. Қайрат Рысқұлбеков – ерлік пен қайсарлықтың, Отанға деген шексіз сүйіспеншіліктің символы. Оның есімі Қазақстан тарихындағы маңызды кезеңдердің бірі – 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасымен тығыз байланысты. Сол күндері қазақстандық жастар әділдік пен ұлттық намысты қорғап, өздерінің азаматтық ұстанымдарын көрсетті. Қайраттың тағдыры ел тәуелсіздігі мен бостандығы жолындағы күрестің жарқын белгісіне айналды. «Дүниеде шындық пен әділдіктен күшті ештеңе жоқ»…
Read more
























































































