Новости и Объявления библиотеки
Қазақтан шыққан қаһарман қыз – Әлия Молдағұлованың туғанына 100 жыл толуына арналған тақырыптық көрме
Ғылыми кітапхана, үшінші қабаттағы ғылыми абонементте (330-кабинет) Ұлы Отан соғысының аңызға айналған сұрмергені, Кеңес Одағының Батыры – Әлия Молдағұлованың туғанына 100 жыл толуына арналған «Каһарман қазақ қызы» атты тақырыптық көрме ашылды. Көрменің мақсаты – келушілерді Қазақстанның ең жарқын батыр қыздарының бірі – Әлия Молдағұлованың өмірі мен ерлігімен таныстырып, ұлттық тарихқа деген мақтаныш сезімін ояту және патриоттық құндылықтарды жастар арасында нығайту. Әлия Молдағұлова – мықты ерік-жігердің, қайсарлық пен Отанға деген адалдықтың үлгісі. Жас кезінде майданға аттанып, өзінің жанқиярлығы мен ерлігін бүкіл Қазақстан мен еліміздегі халықтың мақтанышы етіп көрсетті. Оның табандылығы мен қаһармандығы ұрпақтарды Отанға деген сүйіспеншілік пен қорғауға дайын болуға шабыттандырады. Әлияның ерлігі…
Read more
























































































