Кокрейнов ынтымақтастығы (англ. Cochrane Collaboration) –әрдайым жетіліп отыратын, қатаң жүйеленген әдістемелер бойынша ғылыми зерттеудің нәтижесін сыни бағалау, сараптау және синтездеу жолымен медициналық технологиялардың (денсаулық сақтау технологияларының) тиімділігін зерттейтін халықаралық коммерциялық емес ұйым. Осы зерттеулердің нәтижелері жүйелік шолу түрінде Кокрейн ынтымақтастығы – The Cochrane Library мәліметтер базасында жарияланады. Кокрейн ынтымақтастығы орталықтары ең танымал академиялық орталықтарда – әлем бойынша университеттерде жұмыс істейді, дәлелдерде негізделген ұсыныстарда / клиникалық нұсқаулықтарды дайындаудың ақпараттық қамтамасыз етуінде шешуші үлес қосады.
ҚазҰМУ аумағындағы электронды кітапханаға кіру үшін – https://cochranelibrary.com мекенжайды пайдаланыңыз. Жүйеге басқа орындардан кіру үшін сіз логин мен парольді кітапханадан, 419 кабинеттен аласыз. (Ғылыми кітапхана, 2-оқу ғимараты, 4-қабат) немесе [email protected] электрондық пошта арқылы.