2023 жылдың 13 ақпанда ҚазҰМУ Ғылыми кітапханасы және АИТВ-жұқпасы курсы бар эпидемиология кафедрасының профессорлық-оқытушылық  құрамының ұйымдастырумен Ғылыми кітапхананың оқу залында тәжірибесі мол нарколог дәрігер Қасымова Камила Асқарқызымен студенттер арасында кездесу өтті.

Жаңалықтар!

2023 жылдың 13 ақпанда ҚазҰМУ Ғылыми кітапханасы және АИТВ-жұқпасы курсы бар эпидемиология кафедрасының профессорлық-оқытушылық  құрамының ұйымдастырумен Ғылыми кітапхананың оқу залында тәжірибесі мол нарколог дәрігер Қасымова Камила Асқарқызымен студенттер арасында кездесу өтті.

Кездесуге Қоғамдық денсаулық сақтау мамандығының 2 және 3 курс студенттері қатысты. Нарколог дәрігер Камила Асқарқызы есірткілерді пайдалану белгілі бір биологиялық, психологиялық және әлеуметтік факторлардың әсерінен көрінетін күрделі құбылыс құбылыс болып табылатын, сонымен қатар спайс сияқты синететикалық наркотикалық заттардың кең қолданыста екенін және оның үнемі жаңа түрлерінің пайда болуы салдарынан тиым салынған заттар қатырының әрдайым жаңарып отыратындығын туралы баяндады. Студенттерге нашақорлықтың негізгі белгілері, есірткі түрлері, есірткінің зияны, нашақорлықтың алдын алу туралы мағлұматтар  берді.

Студенттер осы зиянды әдеттен аулақ болу үшін бос уақытты спортпен шұғылдануға, білім алуға,  ғылымға бет бұруға  және т.б. пайдалы істермен айналысуға жұмсау қажеттігі туралы атап өтті. Сөз соңында, сала маманы жастарға нашақорлық жайлы бейнефильмді ұсынды. Студенттер сұрақтар қойып, пікір алмасты.

Студенттер осы нашақорлықпен күресуде өздерінің дайындаған слайдтарын көрсетті, өз ой-пікірлерімен бөлісті.

Ғылыми кітапхананың анықтама-библиография бөлімінің меңгерушісі С.А. Елеукенованың студенттерге кең көлемді «Нашақорлық пен есірткі бизнесмен күресі» атты кітап көрмесімен таныстырды.

Тәрбие жұмысына жауапты Ж.Б.Бейсенбинова кездесуді қорытындылай келе нашақорлықтың алдын алу, жастарды қоғамдағы жат қылықтардан сақтандыру үшін салауатты өмір салтын насихаттай отырып, студенттерді осы қоғам дертімен күресуге белсенді ат салысуға шақырды.

</a >