Қапалбек Бижомарт Сейсенбекұлымен кездесу кеші

Жаңалықтар!

2023 жылдың 21 ақпан күні С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің Ғылыми кітапханасының оқу залында әлеуметтік-тәрбие жұмыстар департаменті, тілдік пәндер кафедрасы, ғылыми кітапхана ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Мемлекеттік тілді дамыту институының директоры ф.ғ.к., доцент Қапалбек Бижомарт Сейсенбекұлымен кездесу өтті.
Кездесудің негізгі мақсаты – «Латын әліпбиі және медицина ғылымының қазақ тілінде дамуы: бүгіні мен болашағы».
Қапалбек Бижомарт Сейсенбекұлы студенттерге ана тілінің қасиетін біліп, өз ана тілінін көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызды екенін түсіндірді. Тіл – қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі. Тіл байлығы – әрбір елдің мақтанышы екенін айтып жеткізді. Студенттер өздерінің сұрақтарын қойып, белсенділік танытты.
Ғылыми кітапхана басшысы Модовов Нурбол Алимбаевич студенттерге – кітапханада әдебиет қоры қазақ тілімен толықтырылғанын айтып өтті. Кітапхана – рухани қазына ордасы, жастар мен кітапты байланыстыратын алтын көпір деп өз ойымен бөлісті.
Іс-шара жастарымызға тәрбиелік маңыздылығы мен мәні, рухани даму мен көшбасшылық, медицина ғылымын меңгерудегі көптілді білу латын әліпбиін қолдануда  маңызы бар екендігі де ескерілді.
Ғылыми кітапхана «Тіл жанашыры» атты көрме ұйымдастырды. Көрмеге Қапалбек Бижомарт Сейсенбекұлының кітаптарын, газет, журналдарға шыққан мақалаларын және ғаламтордан алынған материалдар қойып студенттерге таныстырылды.

Поисковые слова: