«Азаматтық қорғау туралы» дөңгелек үстел

2023 жылдың 2 наурыз күні «С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КЕАҚ «Азаматтық қорғау туралы» ҚР Заңының және азаматтық қорғаныс саласындағы заңға тәуелді актілердің негізгі ережелері, мақсаттары мен міндеттерін түсіндіру  мақсатында Ғылыми кітапхана қызметкерлері мен студенттер арасында және ТҚ инженері С. Шариповпен дөңгелек үстел басындағы кездесуі ұйымдастырылды.

Кездесу барысында кітапхана қызметкерлері және ТҚ инженері С.Шарипов студенттерге өрт қауіпсіздігі мен өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолдары мен шараларын, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру, сақтау және пайдалану бойынша төтенше жағдайлар мен олардың салдарын алдын алу мәселелері жөнінде әңгімелеп берді. Сондай-ақ төтенше жағдай аймағында орналасқан халыққа жедел медициналық көмекпен қатар психологиялық та берілетін көмектер жайында сұрақ-жауап бағытында пікірталастар болды. Дөңгелек үстел соңында Ғылыми кітапхана басшысы Н.А. Модовов студенттердің азаматтық қорғау күштері мен құралдарының төтенше жағдайларда жедел іс-әрекетке көшуге, азаматтық қорғанысқа және авариялық-құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге, зардап шеккендерге шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсетуге ұдайы әзір екендіктерін ерекше атап өтті.

Өз кезегінде қатысушылар дөңгелек үстел барысында талқыланған тақырып аясында өздеріне қажетті ақпараттарды мейлінше жан-жақты тұрғыда ала алды.