«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес,
бұл бүкіл халықтық іс болуы тиіс» –
Қазақстан Республикасы бірінші
Президенті Н.Ә.Назарбаев.
Семинар мақсаты – жемқорлықтың алдын алу және жою. Жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, Қазақстандағы сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету.
Семинардың қатысушылары:
Мамраев Б.Б. – «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшесі, филология ғылымдарының докторы, профессор, академик.
Нағасбекова Б.С. – ҚазҰМУ корпоративтік даму жөніндегі м.а. проректоры.
Тулетаев Б.С. – С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің қауіпсіздік бөлімінің комплаенс офицері.
Скоробогатова Ю.А. – «Жаңару» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Алматы қалалық филиалының қызметкері.
Модовов Н.А. – модератор, Ғылыми кітапхана жетекшісі.
Ғылыми кітапхана директоры Н.А. Модовов кездесу барысында кітапханада 3-қабатта №330 каб. «Парасат жолы» бұрышы ашылғанын студенттерге айтып өтті.
Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, парасаттылық идеологиясын ілгерлету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттік қалыптастыру және парасаттылық құндылықтарын кеңінен насихаттау біздің қолымызда.