Шәкен Кенжетайұлы Аймановтың туғанына – 110 жыл

2024 жылдың 14 ақпан айында С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің Ғылыми кітапханада театр және кино режиссері, актер, Қазақстанның халық әртісі Шәкен Кенжетайұлы Аймановтың туғанына – 110 жыл толуына орай «Ұлт мақтанышы» атты көрме  ұйымдастырылды.

Шәкен Кенжетайұлы Айманов 1914 жылы 15 – ші ақпанда Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Торайғыр ауылында Айманбұлақ деген жерде туған. Шәкен Кенжетайұлы Айманов Семей қаласындағы Каз Коммунада одан кейін педагогикалық техникумде оқыған жылдары көркемөнерпаздар үйірмесіне белсене қатысады. Театр сахнасында қайталанбас образдарда қатысқан. Шәкен Кенжетайұлы Айманов 1947 жылдан 1951 жылға дейін театрдың көркемдік жағын басқарумен қатар бас режиссер болып та істеді. Шәкен Кенжетайұлы Айманов 1953 жылдан 1970 жылға дейін «Қазақфильм» киностудиясының көркемдік жағын басқарып, қазақ кино өнерінің қанат жайып өркендеуіне де ерекше мол үлес қосты.