Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай әдеби-танымдық кеш өтті.
2025 жылғы 18 қараша күні С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ- нің 7-оқу ғимаратының 7-дәрісханасында қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына арналған «Абай – дана, Абай – дара қазақта…» атты әдеби-танымдық кеш өтті.
Іс-шара барысында университет студенттері Абай шығармашылығына қатысты викториналық сұрақтарға жауап беріп, ақын өлеңдерін мәнерлеп оқып, ән шырқады.
Әдеби кешті Жалпы медицина мектебі–1, Тілдік пәндер кафедрасы, Тәрбие жұмысы және студенттік бастамалар орталығы, сондай-ақ Ғылыми кітапхананың Ақпараттық-әдістемелік бөлімі бірлесіп ұйымдастырды.
Ғылыми кітапхананың Ақпараттық-әдістемелік бөлімі іс-шара аясында «Абай әлемі» атты кітап көрмесін ұсынды. Көрмеге ақынның әр жылдары жарық көрген шығармалары, өлеңдер жинақтары, қара сөздері және өміріне қатысты деректер мен иллюстрациялық материалдар қойылды.
Іс-шараның мақсаты – Абай Құнанбайұлының бай рухани мұрасын өскелең ұрпаққа кеңінен насихаттау, студенттердің әдеби-мәдени танымын арттыру және оның қазақ әдебиеті мен руханиятын дамытудағы рөлін таныту болды.
Қазақтың бас ақыны, ұлы дана, ойшыл, сазгер Абай Құнанбайұлының мол мұрасы шығармашылығы, өлеңдері арқылы насихатталды. Ұлыларымызды құрметтеу, сол арқылы жастардың бойына мақтаныш сезімін тудыру, даналардың даралығын бағалау, қастерлей білуге баулу.
Студенттерге алдағы уақытта Абайдың шығармаларын оқып, насихаттап, жаттап жүрудің маңыздылығы жайлы айтылды.
Кеш соңында белсенді қатысып, өнер көрсеткен студенттерге алғыс хаттар табысталды.
Ғылыми кітапхана
ақпараттық-әдістемілік бөлім










































































