2024 жылдың 24 маусым айында Ғылыми кітапханада Амбулаториялық-емханалық педиатрия кафедрасы күні өткізілді. Кафедра күнінің мақсаты: кафедра мен кітапхана  арасындағы байланысты нығайту

Кафедра оқытушылары университет кітапханасына келіп түскен жаңа әдебиеттермен танысты. Кітапхана сайтында ұсынылған Ғылыми кітапхананың жаңа ақпараттық ресурстарға қолжетімділік және Sirius, КАБИС, виртуалды кітап көрмесі, медициналық журналдардың виртуалды көрмесімен танысты.

Қажетті оқулықтарды электронды нұсқада жасауға болатыны айтылды.

Амбулаториялық-емханалық педиатрия кафедрасы бойынша пәндерінің әдебиеттер тізімі берілді.

Іс-шара барысында кітапхана мен кафедра арасындағы қарым-қатынас мәселелері, кітапхана қорындағы оқулықтарды, баспа басылымдарын, электронды оқулықтарды  таныстыру, кафедраларды кітаппен қамтамасыз ету тақырыбы талқыланды.

Кафедра күні Ғылыми кітапханада, №2 оқу ғимараты, № 330 кабинетте өтті.

 

                                                                                          Ғылыми кітапхананың Анықтама-библиография бөлімі