24-қазан –Кітапханашылар күні!

2025 жылдың 24 қазан күні Ғылыми кітапханада Кітапхана күні аталып өтті.

Кітапхана – білімнің бастауы, тарихтың куәсі, руханияттың сарқылмас қайнар көзі. Ал кітапханашылар – сол рухани әлемді реттеп, ұлт жадының шырағын сөндірмей келе жатқан жандар.

24 қазан – білім мен мәдениеттің шамшырағына айналған осы бір маман иелерінің мерейлі мерекесі болып саналады.

 

Айтулы күнге орай «Ең ұлы қазына – кітапхана» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде кітапханалар туралы ақпараттар, суреттер, мақалалар көпшілік назарына ұсынылды.

 

Кітапханашылар — бұл  өткен мен болашақты сөз, кітап және білім арқылы байланыстыратын адамдар.

Кітапханашылар — ұлы ойшылдардың дауысы естілетін тыныштықтың сақшылары.
Кітапханашылар еңбегі — мәдениетке, білімге және адам жанына қызмет ету.

Кітапханашы — тақырыпқа ғана емес, адамның көңіл күйіне де сай кітап таба білетін жан.

Ізгілік, сабыр, адамдар мен кітаптарға деген сүйіспеншілік — міне, нағыз кітапханашының сыйы осылар.
Олардың арқасында кітапхана жай ғана орын емес, білім мен шабыттың тірі ошағына айналады.

Ғылыми блок бойынша проректор Фахрадиев Ильдар Рафисович мырза кітапхана қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, олардың білім мен руханиятты дамыту жолындағы ерен еңбектеріне жоғары баға берді. Мереке барысында бірқатар қызметкерлер Алғыс хатпен марапатталды.

 

 

Ғылыми кітапхана

ақпараттық-әдістемілік бөлім