Кафедра күнін өткізудегі мақсат – білім беру және ғылыми үдерістерге көмек ретінде кітапханадағы ақпараттық ресурстар туралы оқытушыларды хабардар ету.
KABIS және SIRIUS бағдарламаларының электронды каталогында әдебиеттерді іздеу мүмкіндіктері көрсетілді.
Ғылыми кітапхананың анықтама-библиография бөлімі кафедра бойынша жаңа әдебиеттермен таныстырды, пәндерді кітаппен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Іс шараға кафедра оқытушылармен резиденттерде қатысты.
Профессор Н.А. Барлыбаева атындағы балалар аурулар кафедрасы бойынша пәндерінің әдебиеттер тізімі берілді.
Кафедраның қызметкерлерін ақпаратпен алмасу және кітапхана мен кафедралардың өзара қарым-қатынасын нығайту мақсатында осындай кездесулерді өткізу қажеттілігін атап өтті.
Профессор Н.А. Барлыбаева атындағы балалар аурулар кафедрасына қатысты мерзімдік медицина журналдарына жазылу мәселесі талқыланды.
Кафедра күні Ғылыми кітапханада, №2 оқу ғимараты, № 330 кабинетте өтті.
Ғылыми кітапхананың
Анықтама-библиография бөлімі