ҚАЗАҚСТАН КОНСТИТУЦИЯСЫНА 30 ЖЫЛ

2025 жылдың 27 тамызынан 8 қыркүйек аралығында С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің мұражайында Қазақстан Республикасының Конституциясына 30 жыл толуына арналған «Конституция – мемлекеттің төлқұжаты» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Көрмені университеттің мұражайынан тамашалай аласыздар.

Көрмеге Қазақстанның Туы, Мемлекеттік елтаңбасы, Конституцияның алғашқы шыққан Конституция кітаптары, Елтану әліппесі, газет пен журналдарға шыққан мақалалар қойылған.

Мақсаты: еліміздің басты Заңы туралы білімдерді тереңдету, қазақ халқының өткен тарихына қызығушылықты арттыру.

Тәуелсіз Қазақстанның бірінші Конституциясы парламенттік республика моделінің негізінде 1993 жылғы 28 қаңтарда Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымының IX сессиясында қабылданды.

Көрмеде ұсынылған алғашқы Конституция жөніндегі материалдар Тәуелсіз Қазақстанның Ата Заңы туралы құнды ақпараттар алуға мүмкіндік береді.

 

Ғылыми кітапхананың

Анықтама-библиографиялық бөлім

Поисковые слова: