Акушерлік және гинекология кафедрасының күні

Жаңалықтар!

2023 жылдың 8 қараша айында ҚазҰМУ Ғылыми кітапханасының №330 кабинетінде «Акушерлік және гинекология кафедрасының күні» ақпараттық іс-шарасы өтті.

 Іс-шараның мақсаты: оқу жөнінде ақпараттық-кітапханалық қамтамасыз ету сапасын арттыру, университет кафедраларының оқытушыларын  ақпараттық ресурстар мен қызметтер туралы хабардар ету. «Кафедра күнінде» талқыланған мәселелер:

– Ақпараттық қызмет көрсету.

– Кафедраның пәндері бойынша оқу әдебиеттерін пайдалануды талдау.

– Кафедраның пәндерін  кітаппен қамтамасыз ету.

– Акушерлік және гинекология кафедрасының оқу-әдістемелік құралдарының көрмесі. Кафедра қызметкерлері қазақ тіліндегі оқу-әдістемелік құралдардың жетіспеушілігіне наразылықтарын білдірді.

Мұғалімдер студенттерге қолжетімді болуы үшін шектеулі басылымдарды цифрландыруды ұсынды.

 

Ғылыми кітапхана

                                                      Анықтамалық-библиографиялық бөлім