2024 жылдың 20 ақпан айында С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің N2 оқу ғимаратында орналасқан ғылыми, кітапхананың N330 – кабинетінде «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасы үшін «Кафедра күні» ақпараттық іс-шара өткізілді.
Іс-шараның мақсаты: оқу үрдісінің ақпараттық-кітапханалық сапасын арттыру, университет кафедраларының оқытушыларын қолда бар ақпараттық ресурстар мен қызметтер туралы хабардар ету, сонымен қатар кітапхананың профессорлық-оқытушылар құрамымен өзара қарым-қатынасын нығайту.
«Кафедра күнінде» талқыланған негізгі мәселелер:
- Ақпараттық қызметтер және толық мәтінді мәліметтер базасын толықтыру.
- Кафедраның пәндері бойынша оқу әдебиеттерін пайдалануды талдау.
- Талаптарға сәйкес кафедра пәндерін кітаппен қамтамасыз ету.
- Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқу-әдістемелік құралдарының көрмесі.
- Кафедра бойынша пәндерінің әдебиеттер тізімі берілді.
KABIS және SIRIUS бағдарламаларының электрондық каталогынан және электронды мәліметтер қорынан әдебиеттерді іздеу мүмкіндіктері бар екендігі айтылды.
Оқытушылар студенттерді қолжетімді оқыту үшін қазақ тіліндегі оқулықты цифрлауды ұсынды.