Жаңалықтар!
2025 жылы 8 қазан күні Ғылыми кітапхананың Ақпараттық-әдістемелік бөлімі – №2 Жалпы дәрігерлік тәжірибе кафедрасының күнін өткізді.
Кафедра күнінің мақсаты – кафедра мен кітапхана арасындағы байланысты нығайту, өзара ынтымақтастықты арттыру.
Іс-шара барысында кафедра оқытушылары университет кітапханасына жаңадан келіп түскен әдебиеттермен танысты. Сонымен қатар, кітапхана сайтында https://lib.kaznmu.edu.kz/kk/ ұсынылған ақпараттық ресурстарға, атап айтқанда Sirius, КАБИС, виртуалды кітап көрмелері, сондай-ақ медициналық журналдардың виртуалды көрмесімен танысу мүмкіндігі болды.
Кафедра оқытушылары қажетті оқулықтардың электронды нұсқаларын жасауға тапсырыс берді. Сонымен қатар, №2 Жалпы дәрігерлік тәжірибе кафедрасы бойынша оқытылатын пәндердің әдебиеттер тізімі ұсынылды.
Іс-шара аясында кітапхана мен кафедра арасындағы өзара қарым-қатынас, кітапхана қорындағы оқулықтар, баспа басылымдары мен электронды оқулықтармен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
Кафедра күні Ғылыми кітапханада, №2 оқу ғимаратының 330-кабинетінде өтті.
Ғылыми кітапхананың
Ақпараттық-әдістемілік бөлімі










































































