Кафедра күні

Ғылыми кітапхананың Ақпараттық-әдістемелік бөлімі 2026 жылғы 5 ақпанда С.Р. Қарынбаев атындағы қалыпты анатомия кафедрасының күнін өткізді.
Кафедра күнін өткізудегі мақсат — кафедра мен кітапхана арасындағы байланысты нығайту.

Кафедра оқытушылары университет кітапханасына келіп түскен жаңа, шет тілдеріндегі және қолданыстағы әдебиеттермен танысты. Сондай-ақ кітапхана сайтында ұсынылған Ғылыми кітапхананың ақпараттық ресурстарына қолжетімділік, КАБИС жүйесі және виртуалды кітап көрмесі таныстырылды.

Іс-шара барысында кітапхана мен кафедра арасындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланып, кітапхана қорындағы оқулықтар, баспа басылымдары, электронды оқулықтар таныстырылды, кафедраны оқу әдебиеттерімен қамтамасыз ету мәселесі де қозғалды.

Кафедра меңгерушісі Ахмад Нургулим Сагидулловнаның ұсынысы бойынша бірнеше оқулықты PDF форматта дайындауға тапсырыс берілді.

Кафедра күні Ғылыми кітапханада, № 2 оқу ғимаратының № 330 кабинетінде өтті.

                                                                                          Ғылыми кітапхананың Ақпараттық-әдістемілік бөлімі