Жалпы хирургия және топографиялық анатомия кафедрасының күні
2026 жылғы 9 ақпанда С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің №2 оқу ғимаратында орналасқан Ғылыми кітапхананың Ақпараттық-әдістемелік бөлімі маңызды іс-шара өткізді.
Іс-шараның мақсаты:
Оқу үрдісінің ақпараттық-кітапханалық сапасын арттыру, қолжетімді ресурстарды таныстыру және кафедра оқытушыларымен ынтымақтастықты нығайту.
Негізгі тақырыптар:
-
✔
Толық мәтінді мәліметтер базасын толықтыру және ақпараттық қызметтер. -
✔
Кафедра пәндері бойынша кітаппен қамтамасыз ету деңгейін талдау. -
✔
KABIS бағдарламасы арқылы әдебиеттерді іздеу мүмкіндіктері. -
✔
Оқу-әдістемелік құралдардың арнайы көрмесі.
💡 Маңызды ұсыныс: Кафедра оқытушылары студенттер үшін оқу процесін жеңілдету мақсатында саны аз басылымдарды цифрлық форматқа көшіру туралы ұсыныс білдірді.
Іс-шарадан фоторепортаж












«Кафедра күні» аясында атқарылған жұмыстар кітапхана қорын жаңартуға, ескірген әдебиеттерді есептен шығаруға және университеттің стратегиялық міндеттеріне сәйкес ақпараттық қызмет көрсету сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.
Ғылыми кітапхананың
Ақпараттық-әдістемелік бөлімі
























































































