Жаңалықтар!
2023 жылдың 2 наурыз айында С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің N2 оқу ғимаратында орналасқан ғылыми, кітапхананың N330 – кабинетінде нейрохирургия кафедрасы үшін «Кафедра күні» ақпараттық іс-шара өткізілді.
Іс-шараның мақсаты:
Оқу үрдісінің ақпараттық-кітапханалық сапасын арттыру, университет кафедраларының оқытушыларын қолда бар ақпараттық ресурстар мен қызметтер туралы хабардар ету, сонымен қатар кітапхананың профессорлық-оқытушылар құрамымен өзара қарым-қатынасын нығайту.
«Кафедра күнінде» талқыланған негізгі мәселелер:
- Ақпараттық қызметтер және толық мәтінді мәліметтер базасын толықтыру.
- Кафедраның пәндері бойынша оқу әдебиеттерін пайдалануды талдау.
- Талаптарға сәйкес кафедра пәндерін кітаппен қамтамасыз ету.
- Нейрохирургия кафедрасының оқу-әдістемелік құралдарының көрмесі.
- Нейрохирургия кафедрасы бойынша пәндерінің әдебиеттер тізімі берілді.
KABIS және SIRIUS бағдарламаларының электрондық каталогынан және электронды мәліметтер қорынан әдебиеттерді іздеу мүмкіндіктері көрсетілді.
Оқытушылар студенттерді қолжетімді оқыту үшін саны аз басылымдарды цифрлауды ұсынды.
«Кафедра күнін» өткізу Кітапханаға пәндерді кітаппен қамтамасыз ету жағдайына сәйкес қорды қалыптастыруға, мазмұны бойынша ескірген әдебиеттерді есептен шығаруға, аз пайдаланылатын әдебиеттермен жұмысты жақсартуға, оқырмандардың кітапханадағы ресурстары мен қызметтеріне қызығушылығын арттыруға, ЖОО міндеттеріне сәйкес анықтамалық-ақпараттық жұмысты тұрақты түзетуге мүмкіндік береді.
Ғылыми кітапхананың анықтама-библиография бөлімі