2025 жылғы 2 желтоқсанда С. Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Ғылыми кітапханасының ақпараттық-әдістемелік бөлімі «Академик Т.Ш. Шарманов атындағы нутрициология кафедрасының күні» атты ақпараттық іс-шара ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты: оқу процесінің ақпараттық-кітапханалық қамтамасыз етілуінің сапасын арттыру, университет кафедраларының оқытушыларын қолда бар ақпараттық ресурстар, оқу құралдары мен қызметтер туралы хабардар ету, сондай-ақ кітапхананың университеттің профессорлық-оқытушылық құрамымен өзара іс-қимылын нығайту.
«Кафедра күнінде» талқыланған негізгі мәселелер:
- Ақпараттық қызметтер және толық мәтінді мәліметтер базасын толықтыру.
- Кафедраның пәндері бойынша оқу әдебиеттерін пайдалануды талдау.
- Талаптарға сәйкес кафедра пәндерін кітаппен қамтамасыз ету.
- Академик Т.Ш. Шарманов атындағы нутрициология кафедрасының оқу-әдістемелік құралдарының көрмесі.
KABIS және SIRIUS бағдарламаларының электрондық каталогынан және электронды мәліметтер қорынан әдебиеттерді іздеу мүмкіндіктері көрсетілді.
Оқытушылар студенттерге қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін саны аз басылымдарды цифрлауды ұсынды.
Академик Т.Ш. Шарманов атындағы нутрициология кафедрасының ПОҚ өз пәндері бойынша жұмыс істеу үшін оқу әдебиеттерін пайдалануды белсенді талқылады.
«Кафедра күнін» өткізу Кітапханаға білім беру бағдарламаларына сәйкес қорды қалыптастыруға, мазмұны ескірген әдебиеттерді есептен шығаруға, аз пайдаланылатын әдебиеттермен жұмысты жақсартуға, оқырмандардың кітапхана ресурстары мен қызметтеріне деген қызығушылығын арттыруға, ЖОО міндеттеріне сәйкес анықтамалық-ақпараттық жұмысты үнемі түзетуге мүмкіндік береді.
Ғылыми кітапхананың
ақпараттық-әдістемелік бөлімі














































































