2026 жылдың 1 сәуірінде С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің №2 оқу ғимаратында орналасқан ғылыми кітапхананың №330 кабинетінде «Ішкі аурулар пропедевтикасы» кафедрасы үшін «Кафедра күні» атты ақпараттық іс-шара өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – оқу үдерісінің ақпараттық-кітапханалық қамтамасыз етілу сапасын арттыру, университет кафедраларының оқытушыларын қолда бар ақпараттық ресурстар мен қызметтер туралы хабардар ету, сондай-ақ кітапхананың профессорлық-оқытушылар құрамымен өзара ынтымақтастығын нығайту.
«Кафедра күні» аясында келесі негізгі мәселелер талқыланды:
- ақпараттық қызметтер және толықмәтінді мәліметтер базаларын пайдалану және дамыту;
- кафедра пәндері бойынша оқу әдебиеттерін пайдалану деңгейін талдау;
- кафедра пәндерін талаптарға сәйкес оқу әдебиеттерімен қамтамасыз ету;
- «Ішкі аурулар пропедевтикасы» кафедрасына арналған оқу-әдістемелік құралдар көрмесі;
- кафедра пәндері бойынша әдебиеттер тізімін ұсыну.
Іс-шара барысында КАБИС бағдарламасы арқылы электрондық каталогтан және электрондық мәліметтер қорларынан әдебиеттерді іздеу мүмкіндіктері таныстырылды.
Оқытушылар мен студенттер білім алушылардың қолжетімділігін арттыру мақсатында қазақ және орыс тілдеріндегі оқулықтарды цифрландыру туралы ұсыныс білдірді.
Ғылыми кітапхананың
Ақпараттық-әдістемілік бөлімі





































































































































































