ҚазҰМУ-де академик Алшынбай Рақышұлы Рақышевқа арналған мемориалдық тақта ашылды

2025 жылғы 17 сәуір күні С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде медицина ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, профессор Алшынбай Рақышұлы Рақышевтің құрметіне мемориалдық тақтаның салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Іс-шара аясында академиктің отбасы ҚазҰМУ ғылыми кітапханасына анатомия оқулығын және атластарын, оқу әдістемелік құралдарын тарту етті. Бұл құнды кітаптар – болашақ дәрігерлер үшін баға жетпес мұра болып табылады.

Сонымен қатар, ҚазҰМУ ғылыми кітапханасы «Медицина майталманы» атты тақырыптық көрме ұйымдастырды. Онда профессордың ғылыми еңбектері, өмір жолынан сыр шертетін фотосуреттер мен мұрағаттық материалдар қойылды.

Ғылыми кітапхана Анықтама-библиографиялық бөлім