2026 жылдың 24 ақпанында «Қазақстан – табиғат пен тарих үндестігі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрменің мақсаты:
Көрменің басты мақсаты – Қазақстанның тарихы, мәдениеті мен рухани құндылықтарын насихаттайтын кітаптарды оқырман қауымға таныстыру. Көрмеге қойылған әрбір еңбек еліміздің өткені мен бүгінін тереңірек танып-білуге мүмкіндік береді.
Сөрелерде Қазақстанның Қызыл кітабы, қазақ халқының салт-дәстүрлері, өнері, ұлттық киімдері мен зергерлік бұйымдары туралы кітаптар ұсынылған. Бұл еңбектер арқылы ата-бабаларымыздың бай мұрасын, тұрмыс-тіршілігін және дүниетанымын тереңірек тануға болады. Сонымен қатар, Қазақстан табиғаты мен көрікті жерлері жайлы түрлі танымдық альбомдар да көрмеден орын алған.
Көрмеде тарихи тұлғалар мен мәдениет қайраткерлеріне арналған жинақтар да қойылған. Көрме мазмұны жағынан бай әрі тәрбиелік мәні зор. Ол оқырмандарды кітап оқуға қызықтырып қана қоймай, ұлттық құндылықтарды қадірлеуге үндейді.
Қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан адамгершілік құндылықтарының негізін қалаған қонақжайлық дәстүрі, үлкенге құрмет және ұрпақтар сабақтастығы кеңінен көрініс тапқан. Ауыз әдебиеті туындылары, музыкалық мұра, халық қолөнері мен ұлттық рәміздер ұлттық мәдениеттің тереңдігін айқындайды. Көрмеге қойылған еңбектер арқылы патриотизм, бірлік, төзімділік және табиғатқа жанашырлық сияқты рухани құндылықтар ашып көрсетіледі.
Көрмені Ғылыми кітапхананың төртінші қабатындағы №418 оқу залынан көре аласыздар.
Ғылыми кітапхана
Ақпараттық-әдістемілік бөлімі
























































































