2026 жылдың _5 Наурыз күні Ғылыми кітапханада, ғылыми оқу залында «Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов – 160 жыл» тақырыбында қазақтың көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, Алаш қозғалысының жетекшісі Әлихан Бөкейханның өмірі мен қоғамдық-саяси қызметіне арналған тақырыптық кітап көрмесі ұйымдастырылды.
«Ұлтына, жұртына қызмет ету — білімнен емес, мінезден»
Әлихан Бөкейхан
Әлихан Бөкейхан — қазақ халқының азаттығы мен болашағы үшін күрескен ұлы тұлға, мемлекет қайраткері, ғалым, публицист және ұлт көшбасшысы. Ол қазақ халқының тәуелсіздігі мен өркендеуі жолында аянбай еңбек етіп, елдің саяси санасының қалыптасуына үлкен үлес қосты. Оның еңбектері мен идеялары бүгінгі ұрпақ үшін де маңызды рухани мұра болып табылады.
Көрменің мақсаты — студенттерді Әлихан Бөкейханның тарихи тұлғасы, қоғамдық қызметі және ғылыми мұрасымен таныстыру, ұлттық тарихқа деген қызығушылықты арттыру, жастардың бойында отансүйгіштік пен азаматтық жауапкершілік сезімін қалыптастыру.
Кітап көрмесінде Әлихан Бөкейханның өмірі мен қызметі және Алаш қайраткерлері туралы ғылыми зерттеулер, тарихи еңбектер, публицистикалық мақалалар мен танымдық әдебиеттер ұсынылды.
📚 Барша студенттер мен оқытушыларды кітап көрмесіне келіп, қазақ тарихындағы ұлы тұлғаның өмірі мен мұрасымен танысуға шақырамыз!
Ғылыми кітапхана
Ақпараттық-әдістемелік бөлім



































































































