2025 жылғы 25 сәуір күні С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУнің Ғылыми кітапханасында Ұлы ақын, ағартушы, ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған әдеби-танымдық іс-шара өтті. Шараны Қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасының аға оқытушылары мен Ғылыми кітапхана қызметкерлері ұйымдастырды.
Іс-шараға Х. Досмұхамедов атындағы Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің Медициналық-профилактикалық іс факультетінің 2-курс студенттері белсене қатысып, Абайдың өлеңдері мен қара сөздерін оқыды. Сонымен қатар, ұлттық рухты көтеретін күй орындалып, қатысушылар ерекше әсер алды.
Ғылыми кітапхана тарапынан «Ұлы халықтың – Ұлы Абайы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Кітап көрмесінде Абайдың өмірі туралы материалдар, оның еңбектері мен шығармалары, сондай-ақ ол туралы белгілі тұлғалардың мақалалары ұсынылды.
Көрменің мақсаты – Абай Құнанбайұлының бай әдеби мұрасын жас ұрпаққа насихаттау, оның адамгершілік, ғылым, өнер және мәдениетке қатысты идеяларын дәріптеу. Сонымен қатар, ХХІ ғасыр жастарының көзімен Абай шығармашылығына баға беру, оны күнделікті өмірде қолдану жолдарын көрсету көзделді.
Аталған шара студенттердің рухани дамуына, әдеби-мәдени таным көкжиегінің кеңеюіне ықпал етті.
Ғылыми кітапхана
Анықтама-библиографиялық бөлім