2025 жылдың 24 сәуірінде С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУнің Ғылыми кітапханасының №2 оқу залында Х.Досмұхамедов атындағы Қоғамдық денсаулық сақтау мектебі мен Ғылыми кітапхананың ұйымдастыруымен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай қазақтың қаһарман қызы Мәншүк Мәметоваға арналған тәрбиелік іс-шара өтті.
Іс-шараға Қоғамдық денсаулық сақтау мамандығының 2-курс студенттері белсене қатысты. Шара барысында студенттер Мәншүктің анасына арнаған монологін оқып, оның ерлігі жайлы бейнеролик көрсетілді. Сонымен қатар, домбырамен күй шертіліп, патриоттық әндер орындалды.
Іс-шараның мақсаты – студенттерге қазақтың батыр қызы Мәншүк Мәметованың өмір жолы мен ерлігі туралы мағлұмат беру, оның отансүйгіштік, ерлік, қайсарлық қасиеттерін насихаттай отырып, жас ұрпақты елін, жерін сүюге және батырларды, үлкендерді құрметтеуге тәрбиелеу болды.
Ғылыми кітапхана «Жеңіс жаңғырықтары» атты көрме ұйымдастырды.
Көрменің мақсаты: Ұлы Отан соғысына қатысушылардың есімдерін ұлықтау және өскелең ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу, Отанға деген мақтаныш сезімін ояту, Қазақстанның қаһармандық ерліктерге толы тарихына құрметпен қарауға үйрету.
Кітап көрмесіне сұрапыл соғыстан елімізді аман сақтап, болашақ ұрпаққа аманат етіп қалдырған қазақ батырларының ерліктерінен сыр шертетін кітапхана қорындағы тарихи, көркем әдеби кітаптар, газет, журналдарды көрмеден көре аласыздар.
Шара соңында қатысушылар Мәншүк Мәметованың ескерткішіне гүл шоғын қойып, оның рухына тағзым етті.
Ғылыми кітапхананың
анықтамалық-библиографиялық бөлімі